Дәрігер кеңесі

Дәрігер кімге күріш жеуге болмайтынын айтты

  • Дәрігер кімге күріш жеуге болмайтынын айтты

    Дәрігер кімге күріш жеуге болмайтынын айтты

 Дәрігер-диетолог Ольга Кораблева күріштің адам денсаулығына пайдасы мен кімге жеуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды  РИА Новости.

Маман күріш диеталық тағам екенін еске салды: пісірілген 100 грамм өнімде – небәрі 110-120 калория. Күрделі көмірсулар ұзақ уақыт бойы қарын аштырмайды және шамадан тыс көп жеуге мүмкіндік бермейді. 100 грамм күріште 2,6 грамм май ғана бар.

"Күріш жүйке жүйесіне қажетті В тобындағы дәрумендерге, калий, марганец, мырыш, магний, фосфорға бай. Дәнді дақыл жақсы сіңеді, сондай-ақ ол токсиннен құтқаратын және тұздың жиналуына тосқауыл болатын табиғи "сорбент", - дейді Кораблева.
Күріш жеңіл сіңеді және іш өту мен іш кебу сияқты асқазан-ішек жолдары аурулары кезінде өте пайдалы. Дәрігер жіті гастрит кезінде суға пісірілген сұйық күріш ботқасын жеуге кеңес берді. Ал егер іштің қатуы жиі болса, күрішті аптасына екі реттен көп жемеген абзал.

Семіздікке шалдыққан адамдарға да күрішті жеуге болмайды.

"Диабет" диагнозы қойылған адамдар ақ күріштен бас тартқаны жөн: оның гликемикалық индексі – 70, ал сүтке пісірілген ботқаның индексі 75-ті құрайды", - деді дәрігер.

Маманның айтуынша, дені сау адам күніне 200 грамнан артық күріш жемеуі керек.
  Sputnik.kz




Көрілген: 714    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 09:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30