Дәрігер кеңесі

Дәрігер күйзеліс шақыратын азық-түлік өнімдерін атады

  • Дәрігер күйзеліс шақыратын азық-түлік өнімдерін атады

    Дәрігер күйзеліс шақыратын азық-түлік өнімдерін атады

Маман қатты шаршап тұрғанда кофені көп ішпеуге кеңес берді

Дұрыс тамақтанбау ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылуына ғана емес, күйзеліске де әкеп соғады. Бұл туралы "Москва 24" телеарнасының эфирінде дәрігер-диетолог, эндокринолог Виктор Жиляев мәлімдеді.

Айтуынша, бұл жерде, ең алдымен, майлы тағамдар жайлы сөз қозғалып отыр: шошқа еті, қой еті, жартылай фабрикат және кейбір қышқыл сүт өнімдері.

Мәселен, қызыл етті қорытуға көп энергия жұмсалады. Оның орнына бұл энергияны жүйке жүйесін қалпына келтіруге бағыттауға болар еді. Бұған қоса, мұндай тамақтағы зиянды элементтерді де естен шығармаған жөн.

"Жануар майларына бай өнімдердің құрамындағы холестерин күйзеліс тәуекелін 40%-ке арттырады. Мұны анализ жүргізген ғалымдар анықтады", — деп түсіндірді Жиляев.

Дәрігер қантты көп пайдаланбауға шақырды: қанда инсулин мен глюкозаның ауытқуынан адамның көңіл-күйі алдымен жасқарып, кейін күрт нашарлауы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар қартаюды жеделдететін сусынды атады

Сондай-ақ, маман қатты шаршап тұрғанда кофені көп ішпеуге, ұннан пісірілген өнімдерге әуес болмауға кеңес берді. Себебі екеуі де адамның денсаулығына кері әсер етіп, күйзеліске ұшыратуы мүмкін.

Диеотолог балама ретінде жерорта теңіздік диетаны ұстауды ұсынды. Оның негізін балық, теңіз өнімдері, жеміс-жидек, көкөніс және өсімдік майлары құрайды.

sputnik.kz




Көрілген: 1070    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.11.2021, 11:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31