Дәрігер қыста бас киім кимейтіндерге таз болып қалу қаупі жайлы ескертті

21 желтоқсан 2021, 17:56

Қыстыгүні ауа температурасының төмен болуынан тамырлар тарылады. Салдарынан қан айналымы бұзылып, шаштың сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бас киімсіз жүргенді ұнататындарға маман таз болып қалу қаупі жайлы ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Қыс мезгілінде неліктен бас киім кию керек? Бұл кезеңде шашқа қалай күтім жасаймыз? Дрематолог әрі трихолог-дәрігер Юлия Галлямова айтып берді. 

"Шашты сақтау үшін бас киім кию керек. Өйткені ауа температурасы төмендеген кезде тамырлар тарылады. Сәйкесінше, шаш түйіншесінің қан айналымы баяулайды. Үнемі бас киім кимейтін адамның шашы жұқарып, түсуге бейім болады", - деді маман. 

Бас киімсіз жүру тек шашқа емес, жалпы денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Мәселен, бет нервісінің невритін туындатып, тері үсіп, өзге де проблемаларға әкеліп соқтыруы мүмкін. 

Галлямованың айтуынша, міндетті түрде бас киім кию керек деп нақты бір температураны атау қиын. 

"Әр аймақта ауаның ылғалдылығына байланысты температура әртүрлі сезіледі. Жалпы орташа есеппен минус 5 градусқа дейін бас киімсіз жүруге болады. Одан төмендесе, кию керек", –  дейді дәрігер.