Дәрігер шай ішу кімге қауіпті екенін айтты

11 наурыз 2021, 10:14

Диетолог, медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбург шайдың кімге зиян екенін айтты, Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, шай ішу кейбір жағдайларда қан қысымын жоғарылатуы мүмкін, әдетте мұндай реакция кофеинге сезімтал адамдарда байқалуы мүмкін.

 
Адамдардың кофеинге сезімталдығы болса, осы сияқты факторды ескеруі қажет. Ол әртүрлі адамдарда түрліше байқалады. Кофеинге сезімтал адамдарда шай қан қысымын жоғарылатады, - деді диетолог.

Айтуынша, әдетте, шай қысымды кофе сияқты бірден емес, жаймен көтереді. 

Кофеин мен кофеинді сусындар адамдарға әртүрлі әсер етеді, шай да кофеинді сусын болып табылады. Егер адам кофеинге сезімтал болса, онда оның қысымы шай ішкеннен жоғарылайды. Оған қою шай ішудің қажеті жоқ", - деп түсіндірді дәрігер.

Ол кофеиннің қан тамырлары қабырғасын тарылтуымен байланыстырды. Сондай-ақ, затты қолданған кезде олардың тонустың жоғарылауымен қысым да жоғарылайтынын айтты. Сонымен қатар, Гинзбургтің айтуынша, қысым ағзаның барлық жерінде емес, "тек ми тамырларында немесе бүйрек тамырларында" көтерілуі мүмкін.

stan.kz