Дәрігерлер қант диабетінің таңертеңгілік болатын негізгі үш симптомын атады

13 наурыз 2022, 14:34

Дәрігерлер екінші типті қант диабеті бар адамдардың жартысында таңға жақын қант мөлшерінің көтерлу құбылысы болатынын айтты. Және оның негізгі үш симптомын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар қант диабетімен ауыратын науқастардан таңертеңгілік сезінетін жүрек айну, қатты шөлдеу және көздің бұлыңғырлануы туралы шағымдардың көп келетінін айтады. Оның себебі түнде ағза инсулиннің өзгеруін табиғи түрде түзете алмағандықтан глюкоза деңгейі таңертеңгілік күрт көтеріледі. Бұл денсаулыққа кері әсерін тигізеді. 

Таңертеңгілік мұндай құбылыстар болатын адамдарда қант диабетінің асқыну қаупі артады. Соның ішінде жүрек ауруы немесе бүйрек асқынулары көп кездеседі. Бұған жол бермеу үшін дәрігерлер үнемі жеңіл тағамдармен тамақтануға, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытылы қабылдауға сондай-ақ белсенділік деңгейі жоғарылаған жағдайда тамақ пен дәрі-дәрмектерді бақылауға алуға кеңес береді.