Денсаулықты қалай күтіп жүрміз?

19 желтоқсан 2021, 01:06

Біз туған күндерде, отырыстарда, жиындарда бір-бірімізге тілек айтқанда «денсаулығың мықты болсын» деп айтамыз. Расында да бұл адамның мұқият қадағалауды қажет ететін, берік сақтайтын баға жетпес байлығы. Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бірі – денсаулық, бірі – уақыт. Осы аталған екі байлықтың қадіріне қаншалықты жетіп жүрміз?! Уақытты қоя тұрып, денсаулықты күту жөнінде ой өрбітіп көрейікші. 

Жиі ауруға шалдығуымызға нелер себеп болады? Олар: ұйықтап тынығуға уақыт жетпеу, дұрыс әрі толық түрде тамақтану, уақытылы медициналық бақылаудан өтпеу және т.б. себептер бар. 

Қазір барлық ақпарат қолжетімді. Интернетті ашып іздесеңіз бүкіл мәліметтер алдыңызда. Сондықтан денсаулықты сақтау үшін не істеу керектігін барлығы біледі (немесе білуі тиіс): 

– құрамында көбірек дәрумендері бар ас ішу;

– күніне 8 сағат ұйықтау; 

– шаршамау; 

– күн сайын таза ауда серуендеу; 

– спортпен шұғылдану; 

– көп су ішу; 

– медициналық тексеруге барып тұру, егер әлдене мазаласа дәрігермен байланысу, т.с.с. 

Білу керек дүниені біз білеміз, бірақ желкеміздегі жалқаулық жар бермейді. Жалқаулыққа еріп өз ойымыздағыны істейміз: күнделікті отырыс, аз ұйықтау, көп ашуға берілу және ауру әбден бойымызды меңдеп, шыдайтындай күш қуатымыз кемігеннен кейін дәрігерге қаралу. 

Денсаулықты сақтауға не кедергі? 

Денсаулығымызды сақтауға кедергі ететін ең басты жауымыз мыналар: 

Аз қозғалыс 

Егер сіздің жұмысыңыз кеңсе жұмысы болса, яғни компьютердің алдында көп отырсаңыз сізге көбірек тысқа шығып жаяу жүру, таза ауамен тыныстау немесе спортзалдарға бару қажет. 

Стресс пен депрессия 

Жауыр болса да айту керек, дерттің көбі ашуланудан, ызадан келеді. Стресс өмірімізді жеп құртады, сол себепті оны ішке кіргізбеген абзал. 

Әр нәрседен ләззат алып үйреніңіз және мейлінше болмашыға ашуланбаңыз. 

Қалжырау мен тұрақты әрі толық ұйқының жоқтығы 

Бір тәулікте уақыт өте аз. Бәріне үлгергіңіз келеді. Сондықтан біз ұйықтау мен демалуға бөлінген уақытты ұрлай бастаймыз. 

Әуелі 7 сағат ұйықтап, аптасына бір рет қана демаламыз. Бірақ жұмыс көбейіп, бірте-бірте ұйқыға уақыт азаяды, сосын амалсыздан демалыссыз жұмыс істеуге тура келеді. 

Бұндай режиммен денсаулығыңыз қалыпты болады деп ойлайсыз ба? 

Зиянды тағам жеу 

Әрнені жеу саулықты бұзады. 

Зиянды әдеттер 

Алкогольді сусындарды пайдалану мен шылым шегу өте қауіпті. 

Жеңіл аурудан күрделі ауруға шалдығу 

Бұл біздің дер кезінде дәрігерге қаралуға ерінуіміз бен арнайы уақыт бөлмеуімізден болады. 

Артық салмақ 

Салмағы артық адамның денсаулығы жақсы деп айту қиын. Бойында бір кінәрат бар деп түсіну керек. 

«Тәні саудың жаныс сау» деп тегін айтпаған бабаларымыз. Біз айтылған кеңестердің барлығын білеміз. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін де ажырата аламыз. Алайда, қайнаған тіршіліктің ортасында жүріп, соның қадіріне кеш жетіп, сан соғып қалып жатамыз. Доллоры бар емес, денсаулығы бар адам бай. Оны сақтау, күту өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз. 

massaget.kz