Диетолог жоғары қан қысымымен күресетін тағамдарды атады

02 қыркүйек 2021, 18:00

Американдық диетолог Грейс Дерача жоғары қан қысымымен күресуге көмектесетін тағамдарды атады. Бұл туралы басылым хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Eat This, Not That! басылымына сілтеме жасап.

Сарапшы гүлтәжі (амарант) ботқасымен таңғы ас ішуді ұсынады. Жаңғақ дәмі бар өсімдік қоректік заттарға толы көрінеді. 

 
"Бір стақан қайнатылған гүлтәжі магнийге деген күнделікті қажеттіліктің 30 пайызын қанағаттандырады. Зерттеулер көрсеткендей, магний қан тамырларын босаңсытады", — деп түсіндіреді Дерача.

Диетологтың айтуынша, гүлтәжінде кездесетін жасұнық (клетчатка) ағзадағы қабыну процестерінің баяулауына ықпал етеді. Тиісінше, қан қысымына да оң әсер етпек. 

Қан қысымның төмендеуіне әкелетін тағы бір зат — калий. Ол банандарда сондай-ақ бұршақ пен жасымықта бай. Бұнымен қоса олардың құрамында магний де бар. Дерачидің айтуы бойынша, әсіресе жапырақтары тек калий мен магнийден ғана емес, сонымен қатар гипертензияның дамуына жол бермейтін кальцийден тұратын қызылшаның бір түрі мангольд де пайдалы.