Дәрігер кеңесі

Диетолог күнде жеуге болатын нанды атады

  • Диетолог күнде жеуге болатын нанды атады

    Диетолог күнде жеуге болатын нанды атады

Маман нан артық салмаққа айналмай, ағзаға пайдалы болуы үшін барынша мұқият таңдау керек деп отыр

Медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-диетолог Елена Соломатина қандай нанды күн сайын жеуге болатынын айтты, деп жазады Sputnik радиосы.

Маман нан артық салмаққа айналмай, ағзаға пайдалы болуы үшін барынша мұқият таңдау керек деп отыр. Айтуынша, құрамында қант пен маргарин болмағаны дұрыс. 

"Қант нанның калориясы мен қандағы глюкоза деңгейін арттырады. Әсіресе, артық салмағы барлар мен диабетке шалдыққандар үшін зиян. Біз қантты көп жейміз, бірақ аз қозғаламыз. Қалдықтары май ретінде жиналып, ағзаны бұзады. Кейде нанға глютен мен балауыз қосады. Ал ол мөлшерден тыс болса, ішекке зиян келеді", – деді дәрігер.

Диетологтың ойынша, үгілмелі және қатпарлы қамыр ең зиянды саналады. Сондықтан олардан пісірілген нанды жиі жеуге болмайды.

"Мұндай қамырда қант пен майдан бөлек маргарин болады. Ал оның құрамында трансмайлар бар. Мереке күні торттың бір тілімін жеуге болады, алайда күн сайын әдетке айналдырмаған жөн", - деді ол.
Тұтас дәнді нан таңдауға тырысу керек.

"Қамырдың құрамы барынша қарапайым болуы тиіс: ұн, су, кейде тұз. Тұтас дәнді ұннан пісірілген қара нанды күнде жеуге болады.  Ал құрамында Е сынды азық-түлік қоспалары көп болса, бас тартқан дұрыс", – дейді маман.

Диетолог мөлшерін сақтаса, наннан пісірілген тағам пайдалы деп отыр. Сондықтан арықтағысы келетіндер де кейде жеуі керек.




Көрілген: 1850    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.07.2021, 09:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31