Диетолог семіздікке душар ететін жеміс түрлерін атады

21 ақпан 2022, 16:07

Британдық диетолог Майкл Мосли артық салмақ қосуға себеп болатын "қауіпті жеміс" түрлерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Express-ке сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, жас ұлғая келе, ағзадан инсулин аз бөліне бастауы мүмкін. Оның салдарынан қандағы қант пен майлы қышқылдар деңгейі көтеріледі. Ол артық салмақ қосуға, әсіресе майдың ішке жиналуына сеп болады. 

Қарт адамдардан бөлек, мұндай қауіп етеккір үзілісі болған әйелдерде байқалады. 

Іштегі майдан арылу үшін Мосли қант пен көмірсуды тұтынуды азайтуға шақырды. Әсіресе, манго мен ананасты аздап жеуге, тәтті шырын мен смузиларды ішпеуге кеңес берді. 

"Арықтағысы келетіндер ақ нан, чипсы, макарон сынды өңделген көмірсуларды энергия беретін қоңыр күріш немесе киноаға алмастырғаны дұрыс", - деді маман.