Дәрігер кеңесі

Дипломаттар белгісіз ауруға шалдығып жатыр

  • Дипломаттар белгісіз ауруға шалдығып жатыр

    Дипломаттар белгісіз ауруға шалдығып жатыр

«Гавана синдромының» белгілері – бас ауруы, шуыл, бас айналу, когнитивтік қиындықтар, көру, есту және дене тепе-теңдігін сақтай алмау.

Женева мен Париждегі дипломатиялық өкілдіктерде белгісіз ауруға шалдыққан америкалық қызметкерлер туралы дерек АҚШ үкіметін алаңдатып отыр, деп жазды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, АҚШ елшіліктері мен консулдықтарының бірнеше қызметкері себепсіз бас ауруы мен басқа да неврологиялық проблемаларға шалдыққан. Мамандар бұл дертті «Гавана синдромы» деп атаған.

«Франция мен Швейцарияда жұмыс істейтін америкалық дипломаттардағы аурудың алғашқы белгілері 2021 жылдың жазында байқала бастаған. Науқас шенеуніктердің бірі емделуге Швейцариядан үйіне жіберілді», – деп мәлімдейді халықаралық басылым.

«Гавана синдромының» белгілері – бас ауруы, шуыл, бас айналу, когнитивтік қиындықтар, көру, есту және дене тепе-теңдігін сақтай алмау.

Елшілік дәрігері Джоанна Вудстың айтуынша, жұмбақ аурудың алғашқы оқиғалары 2016 жылы Кубадағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері арасында тіркелген. Содан бері 200-ге жуық АҚШ дипломаты осыған ұқсас ауру белгілеріне шалдыққанын айтып шағымданған.

АҚШ арнайы барлау қызметінің мамандары «Гавана синдромы» белгісіз радиотолқындардың әсерінен болуы мүмкін деген болжам айтуда.
 




Көрілген: 599    Пікірлер: 0

жұма, 14.01.2022, 13:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31