Дәрігер кеңесі

"Ешқандай эмоция болмайды": суицид жасайтын баланы қалай анықтауға болады

  • "Ешқандай эмоция болмайды": суицид жасайтын баланы қалай анықтауға болады

Психологтың айтуынша, суицидке баратын жасөспірімдер қауіпті ойынсыз-ақ өз-өзіне қол салады. Олар көп жағдайда өмірдің мәнін таппай қиналады. Қазақстанда жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу оқиғалары көбейді. Осы орайда ішкі істер министрлігі суицидтің негізгі себептерін атап берген. Алайда халық арасында балаларды өлімге итермелейтін тағы бір қауіпті ойынның шыққаны туралы әңгіме тарай бастады. Өйткені кәмелет жасқа толмағандардың терезеден құлап кету оқиғалары жиілеп кеткен. Sputnik Қазақстан тілшісі жасөспірімдердің суицидке не себепті баратынын зерделеп көрді.

Статистика алдамайды
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері 248 жасөспірім өз-өзіне қол салуға әрекет жасаған. Олардың 164-і аман қалса, 84 бала көз жұмды. Министр Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы суицид азаймай тұр. Оның негізгі себептері де анықталды. 

"Себептер әртүрлі. Әрбір үшінші жағдайға туыстарымен болған жанжал суицидке апарады. Жалғыздықтан – 12 процент, достарымен қарым-қатынас үзудің салдарынан жасөспірімдердің 10 проценті өз-өзіне қол салып жатады", - дейді Тұрғымбаев.

Бұдан бөлек, оқу орнындағы келеңсіздіктер мен материалдық жағдайдың жоқтығы кәмелет жасқа толмағандарды өлімге итермелейді. Бірақ ондай суицидтің саны көп емес, небәрі 3 процент. Дегенмен, осы мәселелерді де ысырып тастауға болмайды. Себебі әрбір баланың өмірі қымбат.

Терезеден балалар ғана емес, жасөспірімдер де құлайды
Жаздың шығуымен балалардың терезеден құлау оқиғалары көбеген. Алайда жоғары қабаттан құлайтын жасөспірімдер де аз емес. Мәселен, Нұр-Сұлтанда ақпан айында 14 жастағы бала 16-қабаттан құлап, мерт болды. Ал  мамырда 20-шы қабаттан тағы бір жасөспірім құлады. Ол да 14 жаста болған. Осы оқиғадан кейін кәмелет жасқа толмағандардың арасында "Синий китке" ұқсас қауіпті ойынның тарағаны туралы әңгіме шықты. Оған қатысатын балаға алдымен тапсырмалар беріледі, артынан өз-өзіне қол салуға бұйрық түседі. Алайда ішкі істер органдары соңғы рет болған қайғылы оқиға кезінде ешқандай қауіпті ойынның анықталмағанын мәлімдеді.

"Қайтыс болған 14 жастағы баланың анасы үйде болды. Тергеушілер жасөспірімнің жеке компьютерін тексеріп, өз-өзіне қол салуға үндейтін сайттар мен ойындарды анықтаған жоқ", - дейді полицейлер.

Ал психолог Серікгүл Сәлінің ойынша, суицидке баратын жасөспірімдер қауіпті ойынсыз-ақ өз-өзіне қол салады. Олар көп жағдайда өмірдің мәнін таппай қиналады. Одан кейін интернетке кіріп, осы сұрақтың жауабын іздейді. 

"Мысалы, мен өмірдің мәнін таппай, іштей қиналып жүремін. Не істерімді білмеймін. Сөйтіп, интернеттен "Өмірдің мәнін қалай табуға болады?" деген сұрақтың жауабын іздеймін. Бұл кілт сөз ғой. Сол кезде адамды өлтіру арқылы ләззат алатын адамның қармағына түсемін. Олар "Сен өлмейінше жан азабынан құтылмайсың" деп айтып отырады да, ақырында дегеніне жетіп тынады. Бірақ бала қауіпті ойыннан ажалын таппаса да, бәрібір жан қиналысымен жүріп, ақыры суицидке барады", - деді Сәлі Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Адамның денесі ауырса, дәрі ішіп, басуға болады. Ал жан азабы ауыр, жасөспірімдерге оны көтеру оңай емес.

"Мен өмірдің мәнін таппасам, осы жан қиналыс менің аяғымды терезеден шығарып секіртеді. Себебі мен жанымның қиналғанына денем кінәлі, жанымды денеден құтқарайын, сол кезде қиналыс тоқтайды деп есептеймін. Ондайда мен барлық адамды жек көремін. Ең бірінші, анамды жек көремін. Себебі "жан қиналысыма осы азапты өмірге әкелген анам кінәлі" деген ой тұрады", - деп атап өтті психолог.

Суицидке баратын баланы қалай анықтайды
"Ондай баланың жүзінде ешқандай эмоция болмайды. Біреуге жаны да ашымайды, аяушылық та болмайды. Ол сенің бетіңе бадырайып қарап тұрып, "Мен сені жақсы көремін" деп айта салуы да мүмкін. Бірақ "жақсы көремін" деген сөздің эмоциясы болмайды", - дейді Сәлі.

Осы орайда психолог маман әрбір баланың өзіндік психотипі бар екенін еске салды. Соған қарай әртүрлі қалаулары бар. Баланың ата-анасы соны дер кезінде анықтап, қалауына қарай жағдай жасаса, бала жеткіншек жаста өмірдің мәнін іздеп қиналмайды. 

Тағы оқыңыз: Футбол ойнай алмағаны үшін мазаққа ұшыраған – оқушы өзіне қол салды

"Жеткіншек жаста ол не бала емес, не үлкен адам емес, физиологиялық және психологиялық өзгеріс болады. Олар "Адам өлгеннен кейін қайда барады?", "Өлім" деген не?", "Құдай" деген кім? Ол қайда?" деген сұрақтың жауабын іздейді. Өмірдің мәнін түсінуге тырысады. Кейбір балалар өмірдің мәнін символдардан көреді. Егер біз оларды математикаға немесе физикаға салып жіберсек, бұлар гений-математик, гений-физик болады. Ал нотаға салсақ, бұлар - гений-композиторлар, егер сөздің мән-мағынасына салсақ, бұлар философтар, өмірдің мәнін түсінетін ақын-жазушы болып қалыптасады", - дейді Сәлі.

Психолог өмірдің мәнін іздейтін жасөспірімдердің көбісі дарынды бала екенін ерекше атап өтті. Олар өз жолын тапса, жоғары жетістікке жетіп, халықты да алға қарай жетелейді.  

Балаларға қарсы қылмыстар көбейді
Пандемия басталғалы бері жасөспірімдерге қарсы қылмыстар да көбейген. Оған  адамдардың пандемия кезінде ұзақ уақыт үйде оқшаулануы түрткі болды. Балалар да мектепке бармай, онлайн сабақ оқиды. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, қылмыстардың жартысына жуығы, яғни, 43,5 проценті - балаларға қарсы жыныстық зорлық-зомбылық. Оны полицияның бақылауына ілінбеген жақын адамдары жасапты. Бұл қылмыстар көп жағдайда жасырын қалады. Өйткені баланың жақындары ондай әрекеттің жария болғанын қаламайды.

Осы орайда ішкі істер министрі маңызды бір мәселені атап өткен. Оның айтуынша, қазір әлеуметтік желілер арқылы түсетін хабарламалардың саны артқан. Бірақ соның басым бөлігі – өткен жылдары жасалған қылмыстар. 

Демек, бұған дейін кибербулингтен зардап шеккен балалар үйге қамалған соң, одан да сорақы қылмысқа тап болды. Ал қазір анықталып жатқан жағдайлар өткен жылдары жасалған қылмыстар болса, пандемияның "жаңғырығы" әлі де естіледі, я болмаса, суицидпен сап тыйылады....




Көрілген: 2099    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 02:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31