Дәрігер кеңесі

Ғалымдар бетперде кию COVID-19 ауруын 53%-ға төмендететінін анықтады

  • Ғалымдар бетперде кию COVID-19 ауруын 53%-ға төмендететінін анықтады

    Ғалымдар бетперде кию COVID-19 ауруын 53%-ға төмендететінін анықтады

Бетперде кию COVID-19 ауруын айтарлықтай төмендетуге септігін тигізеді. Мұндай қорытындыға халықаралық ғалымдар тобы өз зерттеулерінен кейін келді, оның нәтижелері британдық BMJ ғылыми журналында жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz .

Коронавирусты жұқтырмаған 389,2 мың адам мен COVID-19 жұқтырған 2,6 мың науқасты қамтитын алты талдау жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес, бетперде кию ауру жұқтыруды 53%-ға төмендетуге ықпал ететінін көрсеткен.

 
Бұдан бөлек ғалымдар 200 елде эксперимент жүргізіп, нәтижесінде маска кию міндетті елдерде COVID-19 өлімі 45,7% төмен екенін анықтады.

Әлеуметтік қашықтыққа келетін болсақ, зерттеушілердің пікірінше, бұл шара да тиімді екенін көрсетіп отыр. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, егер қашықтық сақталса, COVID-19 ауруы 25%-ға төмендейтіні белгілі болған. Бұл зерттеуге 108,9 мың дені сау және 2,7 мың адам коронавирус жұқтырған азаматтар қатысқан.

Сонымен қатар қолды жуу да коронавирустық инфекцияларды 53% азайтуға көмегін тигізеді, алайда ғалымдар зерттеу тиімділігін қарау кезінде маска кию және әлеуметтік қашықтықты талдауға қарағанда бұл шара айтарлықтай аз қамтылғанын атап өтті.

Пандемия басталғаннан бері әлемде шамамен 254,5 миллион адам коронавирус жұқтырып, 5,1 миллионнан астам адам қайтыс болған.




Көрілген: 991    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 11:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31