Дәрігер кеңесі

Ғалымдар: Коронавируспен ауыратындардың интеллект деңгейі төмендейді

  • Ғалымдар: Коронавируспен ауыратындардың интеллект деңгейі төмендейді

    Ғалымдар: Коронавируспен ауыратындардың интеллект деңгейі төмендейді

Лондон Императорлық колледжі мен Кембридж университетінің ғалымдары коронавируспен ауыратын науқастарда ақыл-ой деңгейінің айтарлықтай төмендегенін анықтады. Зерттеу The Lancet журналында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экспериментке 81 337 адам қатысқан. Олардың 12 689-ы әртүрлі ауырлықта COVID-19-бен жұқтырғандар. Тестке танымдық мүмкіндіктердің аспектілерін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы кірді. Нәтижесінде, науқастардың көпшілігінде, тіпті жеңіл формада ауыратындардың өзінде вирусты жұқтырмағандарға қарағанда тапсырмаларды орындау мәселе туғызған. 

 
Ең үлкен айырмашылық ойлауды қажет ететін тапсырмаларды шешуде анықталды. Сырқат неғұрлым ауыр болса, науқастар соғұрлым тестті нашар тапсырған. Вирустың когнитивті дағдыларға қалай әсер ететіні әлі анықталған жоқ. Бірақ ғалымдар бұл таңғалатын дүние емес дейді. Коронавирус миға шабуыл жасап, психикалық және неврологиялық мәселелерге әкеледі. Сондықтан танымдық қабілеттерге әсерін тигізуі мүмкін.

Сондай-ақ, жұмыс авторлары когнитивті қабілеттің төмендеуі мен инфекция басталғаннан бері өткен уақыт арасында байланыс бар-жоғын тексерді. Нәтижесінде олар ешқандай байланыс көрмеді: демек, COVID-19 қайтымсыз салдарға әкелді. 

"Біз COVID-19 бен когнитивті қабілеттер арасындағы байқалған өзара ұқсастықтың негізі неде екенін әлі білмейтінімізді есте ұстаған жөн. Сондай-ақ, бұл жағдайдың қаншалықты уақытқа созылатыны да белгісіз”, – дейді Хэмпшир.

Зерттеушілер олардың жұмысы басқа ғалымдарды COVID-19 бен мидың жағдайы арасындағы байланысты мұқият зерттеуге итермелейді деп үміттенеді.




Көрілген: 1632    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.07.2021, 11:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31