Дәрігер кеңесі

Ғалымдар ыдыс-аяқты дұрыс жумау қатерлі ісік тудыруы мүмкін екенін анықтады

  • Ғалымдар ыдыс-аяқты дұрыс жумау қатерлі ісік тудыруы мүмкін екенін анықтады

    Ғалымдар ыдыс-аяқты дұрыс жумау қатерлі ісік тудыруы мүмкін екенін анықтады

Қытайлық сарапшылар ыдыс-аяқты дұрыс жумаудағы үш қателік қатерлі ісік тудыруы мүмкін деген қорытындыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inosmi басылымына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал ететін ыдыс жууда үш қателік бар. Соның біріншісі - сапасыз жуғыш заттарды қолдану.

"Кейбір өндірушілер қауіпсіздік талаптарын сақтамай, ақшаны үнемдеуге тырысады. Осыған байланысты олар жуғыш зат ұзақ сақталуы үшін формальдегидті консервант ретінде қолдануға барады. Формальдегид адам ағзасына, әсіресе теріге соның ішінде шырышты қабаттарға зиян. Формальдегидті ұзақ уақыт қолдану созылмалы респираторлық аурулардың көбеюіне әкелуі мүмкін", - дейді мамандар.

Екінші қателік - дымқыл ыдыс-аяқтарды кептірмей шкафқа салу. Мамандардың айтуынша, зиянды бактериялар ылғалды ыдыстарда өмір сүреді және ол көп мөлшерде токсиндер шығарады. Ылғалды ыдыс-аяқ бактериялар үшін жақсы көбею алаңы болып табылады. Сондықтан, ыдыс-аяқты шкафқа қоймас бұрын, оларды толығымен кептіру керек. Бұл әсіресе ағаш ыдыстар мен кесу тақталарына қатысты.

Сарапшылар үшінші қателікті ыдыс-аяқты бірден жумай, раковинаға қалдыру немесе ұзақ уақыт суға салу әдетімен байланыстырды. Ылғалды орта тұрмыстық ыдыстарды жуу кезінде жойылмайтын бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.

Қатерлі ісік ауруының даму қаупін азайту үшін мамандар күнделікті өмірде ыдыс жуу сияқты елеусіз болып көрінетін қарапайым осындай мысалдарға мұқият болуға кеңес береді.

Tengrinews.kz




Көрілген: 1444    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 16:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31