Дәрігер кеңесі

Халық емшілеріне қаралу қаншалықты дұрыс? Дәрігер жауап берді

  • Халық емшілеріне қаралу қаншалықты дұрыс? Дәрігер жауап берді

    Халық емшілеріне қаралу қаншалықты дұрыс? Дәрігер жауап берді

Елімізде халық емшілері мен бақсы-балгерлерге сеніп, ауруын асқындырып алатындар аз емес. Тіпті, осындай емшілерге барып соңында опық жеп жататындары тағы бар. Жалпы халық емшілері ғылыми медицинаның шамасы жетпеген дерттерді емдей ала ма? Кәсіби дәрігерлер бұған не дейді? Бұл сұрақтарға 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасында балалар хирургы Рамиль Қарасаев жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Хирургтың айтуынша, ең алдымен алғашқы көмекті медициналық білімі бар адамдар алған дұрыс.

 
“Жазғы уақытта балалар көп жарақат алуына байланысты қазіргі медицинаның дамыған уақытында алғашқы көмекті дәрігерлік білімі бар адамдардан алған жөн. Өкінішке орай қазіргі таңда халық емшілерінің көбеюіне байланысты біздің азаматтарымыз бірінші кезекте сол халық емшілеріне жүгінуге мәжбүр. Сол себептен көптеген асқынулар, дәрігерге кеш қаралу сияқты жағдайлар жиі кездеседі. 

Ол кісілердің мамандандырылған арнайы дипломы жоқ болғандықтан өз білгенін жасап арғы жағында қандай жағдай болғанын, қандай асқыну болғанын, нетижесі не болғанына мән бермейтінін көріп жүрміз. Көбінесе медицинада қаралған науқастарға қарағанда емшілерге қаралған науқастан көп шағымдана бермейді. Өйткені науқастар оларға өз еркімен барады. Сондай-ақ. ол қаралған емшілердің кәсіби деңгейін анықтайтын құжат болмағандықтан заң алдында жауапкершіліктен қашып жатады”, -дейді дәрігер. 

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысында 8 жасар бала сынықшының салғырттығынан бір қолынан айырылды. Дәрігерлер баланың қолын аман алып қала алмады.

Бұдан соң баланың анасы "тағдыры солай жазылған” деп айтып, емшіні жауапкершілікке тартпайтынын жеткізген болатын.




Көрілген: 1096    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 10:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 18:09
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31