Қандай қан тобының иелері бай болатыны анықталды

03 қаңтар 2022, 01:09

Әлемде үшінші қан тобының өкілдері ауқатты адамдар болып саналады.
Ғалымдар қай қан тобы иесінің миллионер болатынын анықтады, деп хабарлайды Экспресс К.
Әлеуметтанушылар көптен бері адамның қан тобы оның қаржылық жағдайына әсер ете ме деген сұраққа жауап іздеп жүр. Енді сол сауалға олар жауап тапқандай болды. Зерттеушілердің деректері үшінші қан тобының иелері әлдеқашан байлыққа ие жандар немесе жақын арада байлыққа кенеледі деп санайды.
Статистикаға сәйкес, ауқатты адамдардың 40 пайызы осы нақты қан тобының өкілдері екен. Мұндай қан тобы әлемде әрбір бесінші адамда ғана кездеседі.
Бұл қан тобы өз тасымалдаушысына белгілі бір мінез-құлық қасиеттерін береді екен. Жаңа жағдайға тез бағдарлану, бейтаныс адамдармен байланыс орнату мүмкіндігі, тапқырлық пен авантюризм — мұның бәрі табысты бизнесті дамытуға көмектеседі.
Сондай-ақ маңызды фактор — үшінші қан тобының тасымалдаушылары көбінесе орташа интеллект деңгейінен жоғары болады.

Экспресс К.