"Қартаюдың алдын алады": антиоксиданттардың ағзаға пайдасы қандай

"Қартаюдың алдын алады": антиоксиданттардың ағзаға пайдасы қандай

Антиоксиданттар қартаюдың алдын алады. Олар ағзаны бос радикалдардың әсерінен қорғап, көптеген ауруға тосқауыл болады. Антиоксиданттар не үшін қажет және ағзаның оны қалай сіңіретіні туралы дәрігерлер Дэн Бреннан мен Майкл Смит түсіндіріп берді. Антиоксиданттар дегеніміз не және оның адам ағзасына пайдасы қандай? Антиоксиданттар дегеніміз не?

Антиоксиданттар – бос радикалдар деп аталатын тұрақсыз молекулаларды бейтараптандыратын заттар. Олар ағзадағы атомдар зарядталған бөлшектерді (электрондарды) иеленген кезде немесе жоғалтқанда дамиды дейді дәрігер Дэн Бреннан. Бос радикалдың бәрі жаман емес. Олар бірқатар биологиялық процесте, соның ішінде жасушалардың бөлінуі кезінде маңызды рөл атқарады, олардың бір-бірімен байланысуына және ағзаны инфекциялардан тиімді қорғауға көмектеседі. Алайда ағзадағы бос радикалдар шамадан тыс көбейсе, олар жасушаларға айтарлықтай зақым келтіруі мүмкін. Бұл қатерлі ісік, жүрек аурулары, жоғары қан қысымы және қант диабеті сияқты аурулардың пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Дастарқандағы пайдалы тағамдар. Көрнекі сурет: pixabay.com Антиоксиданттар неден тұрады? Антиоксиданттар тобына мыналар жатады: табиғи пигменттер бета-каротин, ликопен, зеаксантин, каротиноидтар тобындағы бета-криптоксантин; полифенолдар: флавоноидтар, кумариндер, антоцианиндер, лигнандар және өсімдік тектес басқа компоненттер; А, Е және С дәрумендері; селен, мыс, мырыш, марганец. Антиоксиданттар не үшін қажет? Антиоксиданттар ағзада мынадай қызметтер атқарады: Холестерин деңгейін төмендетеді және жүрек-қан тамырлары ауруларының, соның ішінде инфаркт пен инсульттің алдын алуға көмектеседі. Жасушалардың қартаю процесін баяулатады. Қант диабетінін асқынуын болдырмайды. Кейбір қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін азайтуға көмектеседі. Қандай да бір қатерлі ісіктің пайда болу қаупін төмендетуге көмектеседі. Көздің саулығын қамтамасыз етеді және қартайған кезде көруіне көмектеседі, шелдің пайда болуын (катаракта) дамуын тежейді. Тері мен шаштың саулығына әсер етеді. Аурудан, стресстен және жарақаттан кейін ағзаның қалыпқа келуін жеделдетеді. Ластанған ортаның ағзаға теріс әсерін азайтуға, ультракүлгін сәулелерден қорғауға ықпал етеді. Философия ғылымдарының докторы Шахаб Уддин антиоксиданттардың биологиялық маңыздылығы жоғары, өйткені олар бос радикалдардың жасуша мен жасушалық компоненттерге тигізетін зиянын шектейді деп жазады. Ол антиоксиданттар бірқатар канцерогендердің әсерін бейтараптандыруға қабілетті екенін, сондықтан ісіктің кейбір түрлерінің алдын алуға тиімді екенін атап өтті. Медицина ғылымдарының докторы Майкл В. Смит тағам мен сусындардың құрамындағы антиоксиданттардың жоғары деңгейі ағзадағы антиоксиданттардың көбеюіне үнемі ықпал ете бермейтінін жазады. Олардың денсаулыққа тигізетін пайдасы көбінесе ағзаның қалай сіңіруіне байланысты екенін айтады, бұл әлі де зерттеушілер назарындағы дүние. Сондықтан да антиоксиданттарды қолданудың нақты өлшемі жоқ. Мүмкіндігінше әр түрлі түс пен дәмі бар көкөністерді жиі жеп жүріңіз. Сонда ғана антиоксиданттардың ағзаға әсері байқала бастайды. Жемістер мен көкөністер. Көрнекі сурет: pixabay.com Антиоксиданттар қандай өнімдерде кездеседі? Антиоксиданттар ағзаға тамақпен бірге сіңеді. Олар көбінесе көкөністерде, жемістерде және жидектерде кездеседі, кофе мен шайдың құрамында да антиоксиданттар бар. Табиғи пигменттер ашық түсті өнімдерде көп мөлшерде болады. Жидектер мен жаңғақтар полифенолдарға бай. Дәрумендер мен микроэлементтер өсімдіктерде жиі кездеседі. Қандай тағамдарда антиоксиданттар мөлшері көп? Бұл компоненттер мынадай өнімдерде көп мөлшерде кездеседі: Сәбіз, болгар бұрышы, қасқыржем (спаржа), брокколи, балдыркөкте А дәрумені көп. Итмұрын, тәтті бұрыш, қарақат, шырғанақ, ақжелкен, аскөк, брюссель қырыққабаты, ақ немесе түрлі-түсті қырыққабат, картоп, қызанақ, алма, ананас, цитрус жемістері С дәруменіне бай. Авокадо, көк шөп, дәнді өсімдіктер, жаңғақтар, кебек, брокколи, шпинат, шырғанақ, сонымен қатар сүт, жұмыртқа, бауырда Е дәрумені мол. Каротиноидтер (бета-каротин, зеаксантин, ликопен) сәбізде, картоп, асқабақ, қызанақ, грейпфрут, шабдалы, қара өрік, кептірілген өрік, қарлыған (крыжовник), көкжидек құрамында мол болады. Көк түске боялған антоцианиндер қаражидек, таңқурай, көкжидек, мүкжидек, шие, ақ жидек, қарақат, жүзім, қара өрік, анар, баялды (баклажан), насыбайгүлде кездеседі. Кумарин құлпынай, өрік, қарақат, түймедақ, даршынның (корица) құрамында болады. Лигнандар күнжіт тұқымдары мен өскіндері, қара бидай, арпа, сұлы, бидай, бұршақ және соя, асқабақ тұқымдары, сәбіз, цитрус жемістерінің құрамында бар. Таниндер кофе, какао, шоколад және көк шайда кездеседі. Флавоноидтарды жүзім мен шараптан, сондай-ақ алма мен цитрус қабығынан табуға болады. Шоколад. Көрнекі сурет: pixabay.com Ағзаға қоректік заттарды сіңіру үшін жемістер мен көкөністердің түстерін әр түрлі етіп алмастырып тұрыңыз. Кейбір заттардың (ликопен, бета-каротин) аз мөлшерде маймен жақсы сіңетінін есте сақтаңыз. Сондықтан қызанақ, сәбіз және басқа да көкөністерден жасалатын тағамды өсімдік майымен бірге дайындау керек. Антиоксиданттарды тағамдық қоспаларға қосуға болады, бірақ мұны дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану қажет. А дәрумені сияқты элементтердің артық болуы ағзаға зиян келтіруі мүмкін, сондықтан қалыпты мөлшерді сақтау маңызды. Антиоксиданттарды косметикадан да табуға болады. Мұндай өнімдер теріге және шашқа жақсы әсер етеді. Антиоксиданттар - жасушалардың қартаюын бәсеңдетуге және қатерлі ісіктің пайда болу қаупін азайтуға көмектесетін заттар. Бұл компоненттердің ең жақсы көзі жаңа піскен көкөністер мен жеміс-жидектерден табылады. Тамақтану мәзіріңізді әр түрлі тағамдармен өзгертіп отырыңыз, ағзаның саулығы үшін үшін көбірек табиғи тағамдарды тұтыныңыз. Назар аударыңыз! Материал ақпараттық сипатта жазылған. Ең алдымен дәрігермен кеңесіп, содан соң мұнда көрсетілген әдістерге жүгінген жөн. 

kaz.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста