Дәрігер кеңесі

Қазақстан ғалымдары коронавирус вакцинасын капсула түрінде шығаруы мүмкін

  • Қазақстан ғалымдары коронавирус вакцинасын капсула түрінде шығаруы мүмкін

    Қазақстан ғалымдары коронавирус вакцинасын капсула түрінде шығаруы мүмкін

Израиль, Аустралия және АҚШ-та осы бағыттағы жұмыстар қолға алынған.

Қазақстандық ғалымдар капсула түрде вакцина жасап шығару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман айтты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгінде әлемнің бірнеше мемлекетінің ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны капсула түрінде шығару бойынша зерттеулер жүргізуде. Өз кезегінде қазақстандық мамандар да мұндай бастаманы қолға алғаны белгілі болды.

«Коронавирус көбіне мұрын қуысында жиналады. Вакцинаны мұрынға тамызу арқылы алу өте тиімді тәсіл. Қазір бұл бағытта қазақстандық ғалымдар да жұмыс істеп жатыр. Вакцинолог Қайсар Табынов Аграрлық университетте осы бастаманы қолға алды. Бұл тәсіл әлі іске асырылған жоқ, бірақ Израиль, Аустралия және АҚШ-тағы көптеген халықаралық топтар осы бағытта жұмыс істеуде. Барлығы ойдағыдай жүзеге асса, вакциналау процесі едәуір жеделдейді және вакцина қолжетімді болады», - деді Алмаз Шарман.




Көрілген: 1383    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.08.2021, 09:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31