Қазақстанда балаларды вакцинациялау төртінші кварталда басталады

12 тамыз 2021, 12:57

Нұр-Сұлтан педиатрлар қауымдастығының жетекшісі, медицина ғылымының докторы Сагира Әбдірахманова балаларға COVID-19-ға қарсы вакцина қашан салынатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

"Біздің денсаулық сақтау министрлігі Pfizer-мен келісімге қол қойды. Біз балаларға коронавирусқа қарсы екпе салуды төртіншы кварталда бастаймыз. Вакцинация 12 жастан бастап жоспарланған", – деді Сагира Әбдірахманова.
Ол 12 жастан бастап балаларға вакцинациялау ерікті болатынын айтты. Маман бүкіл әлем бойынша балаларды вакцинациялау мәселесі қарастырылып жатқанын алға тартты.