Дәрігер кеңесі

Қазақстанда жастардың үштен бір бөлігінде темір тапшылығы байқалған

  • Қазақстанда жастардың үштен бір бөлігінде темір тапшылығы байқалған

    Қазақстанда жастардың үштен бір бөлігінде темір тапшылығы байқалған

19 бен 25 жас аралығындағы пациенттердің әрбір төртіншісінде темір тапшылығы байқалған. Ағзадағы темір мөлшерін білу үшін 211 500 адам қан тапсырған. Олардың 25% темір тапшы екені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылы сараптама үшін 211 500 адам қан тапсырған. Олардың 74% әйелдер, 26% ерлер екен.

 
"Қаралғандардың 25% темір тапшылығы анықталды. Жыныс бойынша ерекшелік қатты білінбейді. Бірақ адамдардың жасына байланысты айтарлықтай айырмашылық бар", - деп хабарлады "ҚДЛ ОЛИМП" ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов. 

Маманның айтуынша темір тапшылығы байқалған пациенттердің көпшілігі 19-25 жас аралығында екен. Олардың үштен бірінде микроэлемент жетіспеушілігі бар. Темір тапшылығы 0-7 жастағы балаларда сирек кездеседі дейді. 

19-25 жас аралығындағы жастардың көпшілігі студенттер екені белгілі. Олардың арасында темір тапшылығының кең таралуы дұрыс тамақтанбаудан болуы мүмкін. Аталмыш пациенттерге құрамында темір көп мөлшерде кездесетін тағамдар (ет пен ет өнімдері) мен темірдің сіңірілуін жақсартатын өнімдерді (С дәрумені бар жемістер мен көкөністер) көбірек жеуге кеңес береді. Ал темір сіңірілуін тежейтін өнімдерді (кофе, шәй) аз тұтыну қажет

Темір – адам ағзасы үшін өте маңызды микроэлемент. Оның адам ағзасында жетіспеуі гемоглобиннің түзілуін баяулатады. 

"Гемоглобин оттегінің мүше және тін жасушаларына жеткізілуін қамтамасыз етеді. Гемоглобин жеткіліксіз болғанда аталмыш функция бұзылады. Бірте-бірте ауыр созылмалы дерттерге әкеп соғатын патологиялық процестер басталады. Сондықтан темір тапшылығын міндетті түрде емдеу керек", - дейді Ерлан Сүлейменов. 

Темір тапшылығы кезінде адамда әлсіздік, бастың ауруы, айналуы, жүрек соғысының жиілеуі, демігу, ауыр затты көтере алмау, тәбеттің және жұмыс пен оқу қабілетінің төмендеуі, терінің құрғауы, шаштың түсуі байқалады. 

Жаңа туған нәрестелерде темір тапшылығы анасының жүктілік кезіндегі және оған дейінгі анемиясы салдарынан болуы мүмкін. Сонымен қатар баланың тез өсу кезеңі, жүктілік және бала емізу секілді кезеңдерде ағзадағы микроэлементтер көптеп шығындалады. Бұл темір мөлшерінің азаюына әкеп соғады. 

Асқазан-ішек аурулары кезінде де микроэлемент сіңірілуі бұзылып, темір тапшылығына себепші болады. 




Көрілген: 1046    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 12:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31