Дәрігер кеңесі

Коронавирустың жаңа штаммы туралы не белгілі: Денсаулық сақтау министрі ақпараттармен бөлісті

  • Коронавирустың жаңа штаммы туралы не белгілі: Денсаулық сақтау министрі ақпараттармен бөлісті

    Коронавирустың жаңа штаммы туралы не белгілі: Денсаулық сақтау министрі ақпараттармен бөлісті

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың омикрон-штамына қатысты соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр жазбасында алдымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасады. Одан кейін жаңа штамм бойынша негізгі мәселелерге тоқталды.

 
"Біріншіден, басқа штамдарға қарағанда омикронның таралу қаупі жоғары ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Иә, Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың шарықтау шегі байқалады. Алайда эпидемиологиялық зерттеулер аяқталмай жатып, жаңа штамның таралу жағынан күшті екенін айтуға болмайды. Екіншіден, Омикронның адамды ауыр жағдайға түсіру жағы да толық зерттелмеген. Осы штамның симптоматикасы COVID-19-дың басқа үлгілерінен қаншалықты өзгеше екені әзірше беймәлім", - деп жазды Цой.

Алдын ала мәліметтер бойынша Оңтүстік Африка Республикасында науқастарды ауруханаға жатқызу көрсеткіші артқан. Бірақ қауіп-қатер тобына кіретін адамдардың көптеп ауырғаннан кейін пациенттердің саны өсуі де мүмкін.

"Омикронмен қайта ауырып қалу қаупі жоғары деген ақпарат шығып жатыр. Дегенмен осы мәселеге қатысты мәлімет тым аз. Төртіншіден, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Омикрон вакцинаның тиімділігіне қалай әсер ететінін зерттеп жатыр. Қазіргі кезде вакциналардың тиімділігі жоғары, екпе ауыр жағдайдан және өлімнен сақтайды", - деп атап көрсетті Цой.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі ПТР-тест те омикрон-штамды оңай анықтай алады. Ал кортикостероидтер мен интерлейкиин-6 ингибиторларының көмегімен омикрон-штамға қарсы тиімді емдеу шараларын жүргізуге болады. Басқа препараттардың тиімділігі зерделеніп жатыр.

Еске салсақ, осыған дейін ДДСҰ Оңтүстік Африкада пайда болған коронавирустың жаңа түрінен қауіптеніп отырғаны туралы жазған болатынбыз. Ғалымдардың айтуынша, жаңа нұсқадағы мутациялардың саны тым көп.  Коронавирустың алдыңғы нұсқаларының ешқайсысы соншалықты қарқынды мутацияға ұшырамаған.

Сарапшылардың пікірінше, біз қазір Уханьда пайда болған және пандемияға әкелген вирустан мүлдем өзгеше вируспен күресіп жатқанымызды түсінуіміз керек.




Көрілген: 2888    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 02:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31