Дәрігер кеңесі

Коронавирустың қай штамы ең қауіпті саналады?

  • Коронавирустың қай штамы ең қауіпті саналады?

    Коронавирустың қай штамы ең қауіпті саналады?

Елімізде нигериялық "Ета" штамына қатысты індеттің жаңа толқыны басталмайды. Бұл туралы профилактикалық медицина академиясының президенті Алмас Шарман айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл босаңсуға себеп емес. Өйткені әлемде қауіптілігі жағынан ковидтың "Дельта" штамынан артық қауіпті мутациясы жоқ.  

 
“Коронавирустың "Ета" нұсқасы індеттің жаңа толқынына әкеледі, ол өте қауіпті немесе аса жұқпалы деген мазмұнда ақпарат жоқ. Сондықтан бұл штамм дәрігерлерді қауіптендіріп отырған жоқ. Біз қазір "Дельта" штамымен күресіп жатырмыз. Ол әлдеқайда қауіптірек”, – дейді Алмас Шарман.

"Ета" штамын жұқтырғандар күрт көбейіп жағдай ушығады деген қауіп жоқ. Әрі қазір елімізде қолданылып жатқан вакциналар індеттің жаңа нұсқасынан да қорғай алады.

Өкініштісі сол,  халықты екпемен қамту деңгейі бізде әлі төмен дейді маман. Ал иммунизациядан өткендер үлесі артқан сайын, вирус күшін жояды.

Сөйтіп ол қарапайым инфекцияға айналып, эндемикалық ауру болып қалып қояды. Сондықтан академик екпе алудың маңызы зор екенін тағы бір еске салды.




Көрілген: 1489    Пікірлер: 0

сенбі, 25.09.2021, 11:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31