Дәрігер кеңесі

Маман COVID-19 пандемиясы қашан аяқталатынын мәлімдеді

  • Маман COVID-19 пандемиясы қашан аяқталатынын мәлімдеді

    Маман COVID-19 пандемиясы қашан аяқталатынын мәлімдеді

Кейбір мамандар коронавирус пандемиясы кем дегенде тағы бір жылға созылатынын айтады. Ресейлік инфекционист дәрігер Георгий Викулов қалыпты өмірге оралуға кедергі болып отырған негізгі мәселені атады, деп хабарлайды Sputnik.

Бұған дейін РИА Новостиге инфекционист дәрігер Евгений Тимаков пандемия шамамен бір жылдан кейін аяқталады деп болжам жасаған. Георгий Викулов онымен келісіп отыр.

"Неге тағы бір жыл деп жатыр? Себебі әлемдегі адамдардың басым бөлігінде әлі күнге дейін инфекцияға қарсы иммунитет жоқ. Әсіресе бұл тұрмысы төмен елдерде айқын байқалып отыр. Демек ондай жерде аурудың қоздырғышы айналып жүре береді", – дейді Викулов.

Қазан айында Алматыда эпидемиологиялық ахуал қандай болмақ: Мамандар болжам жасады
Сарапшы: Коронавирус адам өмірінің орташа ұзақтығын 10 жылға қысқартады
Маманның айтуынша, жер-жаһанда адамдардың 60 процентінде COVID-19 инфекциясына қарсы иммунитет пайда болғанда пандемия аяқталады.

"Адамдардың бір бөлігі ауырып шығады, басым бөлігі вакцина салдырады. Ғаламшар халқының 60 процентінде коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет қалыптаспағанша түбегейлі өзгерістер болмайды", – деп атап өтті дәрігер.

Инфекционист бүгінде әлем халқының тіпті үштен бір бөлігі де инфекцияға қарсы иммунитетке ие болмағанын атап өтті.




Көрілген: 1828    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.09.2021, 11:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31