Маман ерлердің еркектік қабілетінің төмендеу себебін айтты

17 мамыр 2023, 08:44

Эндокринолог маман Гүлжан Аманбай ер адамдардың тестостерон гармонына қандай факорлар кері әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Ол бұл туралы "Жаңа қадам"   бағдарламасында айтты.

 

"Қалқанша безінің қызметі төмендесе ер азаматың  тестостероны төмендейді. Тестостерон таңғы 4-5-те бөлінеді. Ер азамат әйел адамға қарағанда ерте тұру керек. Яғни, таң атқан кезде тұру керек. Біздің соңғы 20-30 жылдағы үлкен қайғымыз 20-25 жасар жігіттердің тестостерондары 50 жастағылардан төмен. Ең басты себеп - түнде ұйықтамау. Таңғы 5-ке дейін телефон қарағасын таңертең тестостерон тұра алмайды", - дедй маман.