Дәрігер кеңесі

Маман қандай шайдың пайдасынан зияны көп екенін айтты

  • Маман қандай шайдың пайдасынан зияны көп екенін айтты

    Маман қандай шайдың пайдасынан зияны көп екенін айтты

Дәрігердің пікірінше, шайдың жылытатын әсері физикалықтан гөрі психологиялық эффектке келеді. Бірақ тым ыстық сусын өңеш пен көмекейге зиян келтіруі мүмкін

Күннің суығында бір кесе ыстық шай жылынудың ең сенімді тәсілі саналады. Алайда гастроэнтеролог Маргарита Арзуманян Sputnik радиосына берген сұхбатында неге ыстық шайға әуес болмау керек екенін түсіндірді.

Күздің қара суығында бір шыны ыстық шайдан бой жылынып, көңіл-күй көтеріледі. Бірақ сусынның температурасы тым жоғары болмау керек, деп ескертті медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-диетолог Маргарита Арзуманян.

"Ыстық сусындарды зерттеген кезде, олар онкологиялық аурулардың дамуына әкеп соғатыны, көмекей мен өңешке зиян келтіретіні анықталды. Сол себепті біз шайды қайнаған сумен демдемейміз және аздап суытып барып ішеміз. Ең дұрысы, шайды дене демпературасымен сәйкес келтіру. Ол сәл ыстық, мысалы 40 градус болуы мүмкін, бірақ қайнаған суды ішуге болмайды", - деді Маргарита Арзуманян.
Ол күйіп қалмас үшін шай ішер алдында бірнеше минут күтуге кеңес берді.

Гастроэнтеролог шайдың жылытатын әсері физикалықтан гөрі психологиялық эффект деп санайды.

"Шай дәл сол сәтте жылытады: ауыз температураны сезеді, біз жылындық деп ойлаймыз, бірақ асқазанда дәл сол температура сезілмейді. Бұл психологиялық әсер шығар", - деп пайымдады гастроэнтеролог.

Сусын пайдалырақ болу үшін дәрігер шайды түрлі шөптер қосып дәмдеуді ұсынды. Сондай-ақ кептірілген алма, апельсиннің қабығын немесе корица қосуға болады.

sputnik.kz




Көрілген: 1719    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 10:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31