Дәрігер кеңесі

Маман климат ауыстыру ағзаға қалай әсер ететінін айтты

  • Маман климат ауыстыру ағзаға қалай әсер ететінін айтты

    Маман климат ауыстыру ағзаға қалай әсер ететінін айтты

Климат ауыстыру ағзаға оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуі мүмкін дейді дәрігер. Дәрігер-терапевт Георгий Сапего денсаулық үшін климат ауыстыру қандай жағдайда пайдалы және керісінше зиян екені туралы айтып берді. 

Атмосфералық қысым, судың құрамы, ылғалдық, температура және өзге факторлар ағзаға әсерін тигізбей қоймайды. 

"Климат ауыстыру аллергиясы бар адамдар үшін пайдалы. Немесе экзема маза бермесе климат ауыстырған жөн. Мұндай дерт кезінде ауасы ылғалды аймаққа қоныс аударған дұрыс. Тропиктік ауа тері құрғауының алдын алады. Ал жылы жаққа көшкенде қан қысымы төмендейді. Кейбір адамдарда бронхиальді астма көрінісі азаяды. Салқын аймаққа көшкенде кейбір адамдардың бас ауруы азаяды, біреулердің тамырлары қақсауын қояды", - дейді дәрігер Sputnik радиосына берген сұхбатында.
Алайда денсаулық үшін қоныс аудару кейде керісінше оған зиянын да тигізуі мүмкін. 

"Кез келген адамға қоныс аудару кері әсері етуі ықтимал. Климатқа бейімделу екі аптадан артық уақытты қажет етеді. Біреулер климат ауыстырғанда ұйқысыздыққа ұшырайды, біреулер атмосфералық қысымнан өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Біреулерге судың құрамы жақпай жатады. Шын мәнінде қоныс аударғанда алдымен адамның психологиялық күйі ауысады. Мәжбүрлі түрде қоныс аудару, әсіресе бала кезде, денсаулыққа ауыр әсер етеді деген пікір бар", - дейді ол. 

Ал коронавирус дертінен кейін климат ауыстыру ағзаға қаншалықты әсер ететіні әлі белгісіз. Ол бертін пайда болған ауру, оның үстіне жаңа жерде жаңа штамм жұқтырып алу қаупі де жоқ емес, дейді дәрігер. 




Көрілген: 728    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 10:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 18:09
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30