Мамандар көңіл күйді көтеретін 5 өнімді атады

28 сәуір 2022, 16:55

Кейбір дәрумендердің жетіспеушілігі күйзеліс пен ұйқының болмауына, диетаның бұзылуына әкеліп соғады. Дәрігер біздің көңіл-күйіміз денедегі нейротрансмиттерлердің мөлшеріне тікелей байланысты екенін және олардың деңгейін қандай тағамдармен теңестіруге болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Серотонин, норадреналин, дофамин, эндорфин және триптофан аз болған сайын көңіл-күй нашарлайды. Олардың жетіспеушілігі стресске, ұйқының болмауына, сондай-ақ диетаның бұзушылуына әкеліп соғады.

Диетологтың айтуынша, тауық еті, сиыр еті немесе шошқа еті сияқты тағамдар жақсы көңіл-күйді сақтауға көмектеседі. Өйткені олар В12 витаминінің көзі болып табылады. Ал тирозин амин қышқылы ағзадағы дофамин деңгейін арттырады. Теңіз балдыры В дәрумендерінің көп мөлшерін қамтиды. Олар бүйрек үсті бездерінің жұмысына көмектеседі. Адреналиннің теңдестірілген деңгейінің арқасында сіз шамадан тыс шаршау мен жаман көңіл-күйді ұмыта аласыз.

Фосфор, калий, магний және темір бар бананның пайдасы мол. Бірақ бұл жемістің ең маңызды артықшылығы адам ағзасы серотонинге айналатын триптофан береді. Сұлы жармасы мен қарақұмық ботқасы да осы затқа бай, сонымен қатар олар қандағы қант деңгейін біркелкі ете алады. Ал ми жасушаларының жұмыс істеуіне көмектесетін омега-3 май қышқылдары жаңғақтарда кездеседі.

Stan.kz