Дәрігер кеңесі

Маммолог: Сүт безі қатерлі ісігі бірден байқалмайды

  • Маммолог: Сүт безі қатерлі ісігі бірден байқалмайды

    Маммолог: Сүт безі қатерлі ісігі бірден байқалмайды

Сүт безі қатерлі ісігі - қауіпті дерт. Себебі бұл бірден байқалмайтын ауру.

Маммолог мамандар осылай деп дабыл қағады. Кеуде обырының алдын алу үшін не істеу керек?

Айнұр Қуатқызы, тілші: - Мамандар сүт безі қатерлі ісігі бірден байқалмайтынын айтады. Сондықтан жылына бір рет маммологқа қаралып тұру тиіс. Әсіресе , бала емізетін әйелдерге ерекше күтім қажет.

Кеуде обыры - әйелдер арасында кең етек алған онкологиялық ауру. Тіпті әлем бойынша аты жаман аурулар ішінде сүт безі қатерлігі ісігі бірінші орында тұр. Сала мамандары осылай дейді. Қазақстан әйелдерінің арасындағы статистика да көңіл көншітпейді. Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім арасында сүт безі обыры 3-ші орында. Себебі, бұл дерт жасырын дендейді. Яғни, кеудедегі ауруды әйел сезбеуі мүмкін. Сүт безіндегі өзгеріс тек маммологтың тексеруінен кейін нақтыланады. Жылына бір мәрте тексерілуді әдетке айналдырған абзал.

Айгүл Демеуғалиқызы, маммолог-онколог: - Қазақстандық әйелдердің көбі ұялып, дәрігерге қаралмай ауруын өткізіп алады. Маммологқа барудан қорқудың қажеті жоқ. Өйткені сүт безіндегі кез келген өзгерістерді тек дәрігер ғана көре алады. Қандай да бір өзгеріс байқалып, оны ерте емдесе, дерттен құлан-таза айығуға болады. Маман ретінде бала емізетін әйелдерге өте сақ болу қажеттігін ескертемін.

Обырды өткізіп алу қаупі де жоғары. Қазір Қазақстанда 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер арасында тегін скрининг жүргізіледі.

Гүлвира Мағзұмова, Томотерапия орталығы бас дәрігерінің орынбасары: - Қазақстанда да енгізілген статистика бар. 40 жастан асқан әйелдер сүт безі ісігін дер кезінде анықтау үшін екі жыл сайын тексерістен өтеді. Дер кезінде анықталатын болса, ол дерт емделеді. Емі бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемде сүт безi қатерлi iсiгiнен болатын өлім соңғы жылдары 22%-ке өскен. Маммолог-онкологтар бұл дерттің басты 6 белгісі барын айтады. Кеуде көлемі мен тері түсі өзгеріп, төс тығыздалса, қолтық астында түйін байқалса бірден дәрігердің көмегіне жүгінген жөн. Ал, ауру ерте анықталса, оның емі бар.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Аят Дүйсенбаев

24.kz




Көрілген: 2042    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 00:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31