Министр себебін айтты: Қазақстанда балалар қызылша ауруымен көптеп ауырып жатыр

Министр себебін айтты: Қазақстанда балалар қызылша ауруымен көптеп ауырып жатыр

Елімізде қызылша ауруы дендей бастады. Вирустық жұқпалы дерт жыл басынан бері 56 адамнан анықталған. Оның жиырмасы зертханада расталған. Науқастардың басым бөлігі 7 жасқа дейінгі балалар. Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының айтуынша, бұған халықтың екпе салдырмауы себеп болып отыр, деп хабарлады KYN.KZ  тілшісі  КТК арнасына сілтеме жасап.
 
Денеде қызарған дақ боп көрініс табатын қызылша ауруы белең алып тұр. Вирус ауа арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде науқастың сілекейімен сыртқы ортаға тарайды. Дәл осы кесел жыл басынан бері жеті өңірде тіркелген: Астана, Алматы қалалары мен Түркістан, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Жетісу облыстарында.
Ақ халаттылар бұл сырқатпен ауырғандардың көбі оған қарсы екпе алмағандар деп отыр.
 
«Биыл елімізде 56 адам қызылша жұқтырды деген күдікке ілінді. Оның 20-сы зерттеу кезінде расталды. 5 науқастың диагнозы басқаға ауыстырылған. 20 адамның анализі қазір зерттеліп жатыр. Вакцинацияның тиімділігі жоғары, 95 пайыз құрайды», — дейді денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитар Айжан Есмағамбетова.
 
Жуырда санитар дәрігерлер Атырау облысында наурыз айы басталғалы төрт адам қызылша жұқтырғанын айтқан. Алайда оның екеуі зертханада дәлелденбеді дейді ақ халаттылар. Жұқпалы дертпен ауруханада емделіп жатқандардың екеуі де жасөспірім.
«Аталған жағдайдың барлығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Барлығы қызылшаға қарсы вакцина алмаған, яғни екпе алмаған. Атырау облысында соңғы рет қызылша 2019 жылы тіркелген болатын, 774 адам ауырды», — дейді Атырау облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің ресми өкілі Айкөркем Нұрғалиева.
Осылайша вирус көктем мезгілінде өршіп, балалар арасында тез тарайды. Кейде соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін дейді мамандар. Өйткені дертті үлкендер ауыр өткереді. Егер алдын алмаса, ересек адамдарда отит, пневмония, энцефалитке шалдығу қаупі бар.
 
«Ерсектер де қызылшамен ауырады. Егер иммунитеті төмен болса, иммуноглобулин төмен болса, тез жұқтырады. Мысалы, бір жасында, алты жасында қызылшаға екпе алады. Егер адам уақытына дейін екпе алмаған болса, егер оның иммунитеті әлсіз болса, сол адам тез қабылдайды. Оларда ұзағырақ болады. Сосын асқынып кетуі мүмкін», — деп түсіндірді Алматы №28 емханасының инфекционист дәрігері Нұрбибі Арқабаева.
 
Аурудың негізгі белгілері: әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы. Артынша мұрын бітеліп, 5-6 күнде теріде қызыл дақтар шыға бастайды. Ал сырқаттан сақтанудың ең тиімді әдісі – екпе. Екпе бір жасқа толғаннан кейін үш айдың ішінде және алты жасында тағы салынады. Дәрігерлер вакцина алмағандарға емханадан оны тегін салдыруға болатынын ескертеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста