Дәрігер кеңесі

Не себепті антиваксерлар екпе салуға қарсы шығады? Психологтар түсіндіріп берді

  • Не себепті антиваксерлар екпе салуға қарсы шығады? Психологтар түсіндіріп берді

    Не себепті антиваксерлар екпе салуға қарсы шығады? Психологтар түсіндіріп берді

Қазақстанда вакцинация қарқыны күрт өсті. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы екі аптада 718 мыңнан астам отандасымыз екі дозаны алып, вакцинация паспорттарының иелері болғанын атап өтті. Алайда COVID вакцинациясын байкоттап шығатындар да аз емес. Психологтар олардың не себепті бұлай істейтіндерін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір орташа есеппен 53 мың қазақстандық күн сайын коронавирусқа қарсы екпе алады. Дегенмен, қоғамда вакцинацияға қарсы шыққандар да табылды. Психолог Ксения Зинковская мұның себебі жаңа нәрсеге сенімсіздік туындайды деп отыр. 

Халықтың коронавирусқа сенуіне бір жылдан астам уақыт жұмсалды. Енді олар біртіндеп вакцинаның пайдасына сене бастады. Зинковская бәрі реттелуі үшін уақыт пен дұрыс тәрбие жұмысы қажет екенін айтады. 

 
“Саған: “тез салғыз, әйтпесе жазалаймыз" десе, әрине бірінші кезекте сенімсіздік туындайды, бұл жерде бірдеме дұрыс емес деген ой келеді. Олар сенуі үшін дәлелдер мен фактілер қажет. Денсаулық сақтау министрлігі айтып, көрсетуі керек. Жай ғана құрғақ сөз ештеңе бермейді. Адамдардың тарихы қажет”, – дейді психолог. 

Психологтың айтуынша, антиваксерлер үшін инъекцияға қарсы тұру – қорғаныс түрі. Олар бұндай шешімдерімен ең алдымен өздерінікі дұрыс деп сендіруге тырысады. Сондықтан вакцина көмектескен адамдардың нақты тарихын көбірек көрсету керек. Содан кейін бірте-бірте адамдардың сенімділігі оянады, қорқыныш кетеді. 




Көрілген: 2036    Пікірлер: 0

жұма, 20.08.2021, 13:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31