Дәрігер кеңесі

Невролог маман: COVID-19 адамның ақыл-ойына зақым келтіреді

  • Невролог маман: COVID-19 адамның ақыл-ойына зақым келтіреді

    Невролог маман: COVID-19 адамның ақыл-ойына зақым келтіреді

Невролог Александр Будик коронавирус инфекциясы ми тамырларына әсер ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, адамның танымдық қабілетінің төмендеуі COVID-19 салдарына жатады. Невролог Александр Будик коронавирус инфекциясы әсерінен миды қанмен қамтамасыз ету процесі бұзылатынын айтты. Бұл адамның ақыл-ойына әсер етеді. 

 
"Бастағы тамырлар ағаштағы бұтақтар сияқты ми қыртысына барады. COVID-19 кезінде және одан кейін бұл тамырлардың орналасуы өзгереді. Мидың маңызды бөлігін жеткілікті мөлшерде қанмен қамтамасыз ету бұзылады. Сондай-ақ COVID-19 кезінде адамның қаны тұтқыр болады, бұл қанмен қамтамасыз етуге кері әсер етеді", - дейді Александр Будик.

Невролог коронавирус инфекциясы салдарынан зардап шеккен танымдық функцияларды қалпына келтіруге тек маман көмектесе алатынын айтты. Алайда ол үшін дер кезінде маманға қаралу қажет. Александр Будик маманға екі рет баруға кеңес берді: COVID-19 инфекциясынан кейін қалпына келген кезде және содан біраз уақыт өткен соң жағдайды бағалау үшін барған дұрыс.




Көрілген: 1638    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 19:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30