Нутрицолог апельсиннің зиянын айтып берді

17 желтоқсан 2021, 18:11

Нутрицолог маман Половинская апельсинді көп тұтыну аллергия мен асқазан ауруларын туындататынын айтты. Кейбір жағдайларда адам денсаулығына кері әсерін тигізетінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Апельсин цитрусты жеміс болғандықтан аллергия туғызатын әсері күшті болып саналады. Сондықтан оны көп тұтыну анафилактикалық шокты туғызады. Асқазан ішек жолдарының ауру белгілері барларға аш қарында жеміс-жидекті сақтықпен тұтынған жөн.Сонымен қатар апельсиннің жоғары қышқылдығы тіс эмальына зиянын тигізеді”,-дейді нутрицолог маман Половинская.

Сонымен қатар, жеміс құрамында микро және макроэлементтер көп. Ағзаның өсуін реттейтін және антиоксидантты әсері бар С дәрумені мен флавоноидтардың тәуліктік дозасы бар. Сонымен қатар, апельсиндер қан қысымын төмендетеді, қан тамырларын нығайтады, холестеринді төмендетеді және жүрек-тамыр ауруларының қаупін азайтады. Олар сондай-ақ антипиретикалық әсерге ие болғандықтан жараларды емдеуде қолданылады.

Алайда тұтыну мөлшерін ұмытпаған абзал.