«Перекисьтің» пайдалы қасиеттерін білесіз бе?

«Перекисьтің» пайдалы қасиеттерін білесіз бе?

Сутегі асқын тотығы мүлде қауіпсіз және табиғи антисептик болып табылады. Бұл арзан әрі жоғары әсерлі зат әр адамның дәрі қобдишасында болуы тиіс. Сутегі асқын тотығы ертіндісінің көмегімен тек жарақаттарды залалсыздандырып қана қоймай, оны дәстүрлі емес мақсаттарда да қолдануға болады. Ол үшін 3% сутегі пероксиді қолданылады, оны кез келген дәріханадан оңай табасыз.
1. Киімдерді ағартады
Жуылған ақ түсті киімдер мен сүлгілерді 1 стакн сутегі асқын тотығы қосылған суда шайып алыңыз. Бұл уақыт өте келе ақ түсті киімдердің сарғайып кетуінен сақтайды. Сондай-ақ кетуі қиын дақтарды да кетіруге көмектеседі. Ол үшін дақ тиген жерге азырақ ерітіндіден жағып қойып, бірнеше минуттан кейін щеткамен ысқылып жуып, салқын сумен шайыңыз.
2. Аяқтағы саңырауқұлақты емдейді
Бірдей мөлшерде су мен сутегі тотығын араластырып, күн сайын кешке таман аяқтың зеңді аймақтарына жағып қойыңыз.
3. Мойын ауруын басады
Ұзақ уақыт жайсыз қалыпта отыратын адамдар үшін таптырмас құрал. Егер мойыныңыз құрысып қалып, мойын бұлшықеттерінде ауырлық сезінсеңіз, орамалды осы ерітіндіге малып, мойныңызға тағып алыңыз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сыртынан сүлгімен орап қойыңыз. Мұндай компрессті 10-20 минут ұстау керек. Ол мойын бұлшықеттерін қыздырып, ауыру сезімін жояды.
4. Мұрын бітелуінен қорғайды
Ол үшін 1 ас қасық сутегі пероксиді мен 1 ас қасық газдалмаған минералды суды араластырып спрей ретінде қолданыңыз.
5. Ауыз қуысының ауруларын емдейді
Ауыз қуысындағы жара, ауруларды емдеу үшін 10 мл сутетігі тотығын аузыңызға құйып, 5 минут ұстаңыз. Жұтып қоюға болмайды. Осылайша сіз ауыз қуысын тазалап қана қоймайсыз, тісіңізді бірнеше тонға ағартып, тіс қағының пайда болуынан да сақтанасыз. Дүкенде сатылатын ауыз қуысын шаюға арналған құралдардың орнына ерітіндіні пайдаланған дұрыс. Оны кәдімгі тіс пастасына қосып, араластырып қоюға да болады.
6. Линзаларды залалсыздандырады
Кейде дәріханадан алатын линзаларды дезинфекциялауға арналған ерітіндінің орнына сутегі асқын тотығын қолдануға болады. Ол линзаға жиналып қалатын заттардың құрамын бұзып, залалсыздандырады.
7. Үй жинауды жеңілдетеді
Жоғарыда атап өткен қасиеттерінен-ақ сутегі асқан тотығының микробтарды жоятынын байқаған боларсыз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Оның кішкентай мөлшерін шүберекке сеуіп алсаңыз немесе тазалауға арналған құралға араластырып қойсаңыз, терезе, әйнек, айнаны жақсы тазартады.
8. Тамақ ауруын басады
Тамағыңыз қатты ауырып жатқанда ½ ас қасық жылы су мен ¼ ас қасық су тегі асқын тотығын араластырып, жақсылап тамағыңызды шайыңыз. Сутегі асқын тотығы ауру туғызатын бактерияларды жоятындықтан, осылай тамақты шаю тұмау, жөтелдің де алдын алады.
9. Құлақты тазалау
1-2 тамшы сутегі пероксидін жылы сумен араластырыңыз. Құлақ тазалауға арналған таяқшаны ерітіндіге батырып, әдеттегідей құлағыңызды тазалаңыз. Осылайша көп уақыттан бері жиналып қалған құлықты оп-оңай шығаруға болады.
Сондықтан сутегі асқын тотығы дәрі қобдишаңыздан тастамаңыз!
Ақнұр АСЫЛБЕК.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста