Психотерапевт күйзелістің кесірінен пайда болатын қауіпті ауруларды атады

27 сәуір 2022, 13:08

Дәрігер-психиатр, психотерапевт, психолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жанна Гарданова ұзақ уақыттық күйзелістің денсаулыққа әсерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.ru-ға сілтеме жасап.

Гарданованың сөзінше, күйзелістің салдарынан бірнеше қауіпті психосоматикалық ауру дамуы мүмкін. 

"Ол бронхиалды астма, асқазан ойық жарасы, аш ішек жарасы, нейродермит, ревматоидті артрит, қант диабеті. Қазір бұл тізімге жүрек ишемиясы ауруы қосылды. Яғни психосоматикалық аурулар ағзаның күйзеліске жауабы ретінде пайда болады", - дейді маман. 

Психотерапевттің айтуынша, стресстен арылуға спорт жақсы көмектеседі. 

"Қатты абыржып тұрған адам бір орында отыра алмайды. Ол әбігерленіп, әрі-бері жүреді. Сондықтан спорттың көмегі зор. Ол тән компонентіне өзгеруге мүмкіндік береді", - деді дәрігер.
Сондай-ақ, психиатр күйзеліске түскен адамдарға өз ойымен жұмыс істеуге кеңес берді. 

"Адам өзіне көмектесу үшін миындағы бұрыс ойларды тауып, реттеп, керек емесін алып тастап үйренуі керек. Екіншіден, эмоционалды бұл ұстанымдарды өзгерту керек. Яғни жаман ойларды позитивті бағытқа ауыстыруға тырысқан жөн", - дейді психотерапевт.