Қазақстанда вакцинация қарқыны күрт өсті. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы екі аптада 718 мыңнан астам отандасымыз екі дозаны алып, вакцинация паспорттарының иелері болғанын атап өтті. Алайда COVID вакцинациясын байкоттап шығатындар да аз емес. Психологтар олардың не себепті бұлай істейтіндерін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазір орташа есеппен 53 мың қазақстандық күн сайын коронавирусқа қарсы екпе алады. Дегенмен, қоғамда вакцинацияға қарсы шыққандар да табылды. Психолог Ксения Зинковская мұның себебі жаңа нәрсеге сенімсіздік туындайды деп отыр.
Халықтың коронавирусқа сенуіне бір жылдан астам уақыт жұмсалды. Енді олар біртіндеп вакцинаның пайдасына сене бастады. Зинковская бәрі реттелуі үшін уақыт пен дұрыс тәрбие жұмысы қажет екенін айтады.
“Саған: “тез салғыз, әйтпесе жазалаймыз" десе, әрине бірінші кезекте сенімсіздік туындайды, бұл жерде бірдеме дұрыс емес деген ой келеді. Олар сенуі үшін дәлелдер мен фактілер қажет. Денсаулық сақтау министрлігі айтып, көрсетуі керек. Жай ғана құрғақ сөз ештеңе бермейді. Адамдардың тарихы қажет”, – дейді психолог.
Психологтың айтуынша, антиваксерлер үшін инъекцияға қарсы тұру – қорғаныс түрі. Олар бұндай шешімдерімен ең алдымен өздерінікі дұрыс деп сендіруге тырысады. Сондықтан вакцина көмектескен адамдардың нақты тарихын көбірек көрсету керек. Содан кейін бірте-бірте адамдардың сенімділігі оянады, қорқыныш кетеді.