Шайды дұрыс ішпеу қатерлі ісікке әкелуі мүмкін - дәрігер

31 мамыр 2022, 08:48

Түрік дәрігері, ішкі аурулардың маманы Осман Эрк Sözcü басылымына берген сұхбатында шайды қалай дұрыс қайнату керектігін және қай уақытта ішкен дұрыс екенін айтып берді, - деп хабарлайды ИноСМИ басылымы.

Профессордың айтуынша, шайды қайнатқан кезде жоғары температураға жеткізбеу керек.

"Шайды ұзақ қайнатса құрамы өзгеріп, зиян бола бастайды", - дейді дәрігер.
 
"Түркияның Эрзурум, Ардахан, Карс сияқты аймақтарында шайды ыстықтай ішу кеңінен тарағандықтан өңеш ісігі ауруы да жиі кездеседі", - деді дәрігер.

Маман қант пен тәттілерді шайға салуға болмайтынын және тамақ ішіп отырып немесе тамақтан кейін бірден шай ішуге болмайтынын айтады.

"Қосуға болатын жалғыз нәрсе - шайдың антиоксиданттық белсенділігін арттыратын және оны пайдалы сусынға айналдыратын лимон шырыны. Қан аздық сияқты мәселелерге тамақ ішіп болғаннан кейінгі бір сағатта лимон қосылған әлсіз шай ішу пайдалы", - деді ол.

kaz.tengrinews.kz