"Шылым шегуден бас тарту мен салмақ жинау арасында тікелей байланыс жоқ": Елордалық маман темекіге тәуелділіктен қалай арылуға болатынын айтты

"Шылым шегуден бас тарту мен салмақ жинау арасында тікелей байланыс жоқ": Елордалық маман темекіге тәуелділіктен қалай арылуға болатынын айтты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда темекі шегетін ерлердің үлесі 77%-ға жетеді екен. Бюро мәлімтеніше, темекіге тәуелді азаматтар күніне 24 данаға дейін шылым шегуі мүмкін көрінеді. Астана қаласының №2 қалалық емханасының дәрігері Бауыржан Баймаханов Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында темекіге тәуелділікпен күресу жолдары туралы айтып берді.

 

 

Бауыржан Баймаханов әлемде 1,3 миллиард адамның тұрақты түрде шылым шегетінін айтады. Оның сөзінше, ерлердің 47%-ы және әйелдердің шамамен 12%-ы темекіге тәуелді.

 

«Темекі шегетіндердің 400 миллионы дамыған елдерде және 900 миллионы дамушы елдерде тұрады. Сонымен қатар 780 миллион адам темекіден бас тартқысы  келеді. Дегенмен бұл оңай емес, себебі темекі шегу күшті физикалық және психологиялық тәуелділікті тудырады. Әрі темекі шегетін адамдардың тек 4-7% ғана көмексіз темекіні тастай алады. Сондықтан темекіні тастау үшін арнайы қолжетімді бағдарламалар қажет, бірақ олардың саны әлі де аз», - дейді дәрігер.

 

Маманның айтуынша, темекі түтінің құрамында 4 000-нан аса химиялық зат бар, олардың кем дегенде 250-і адам денсаулығына қауіпті.

 

«Темекі шегу терінің, тырнақтың, шаштың жағдайына керіс әсерін тигізеді, тістерді бұзады. Ауыздан және киімнен жағымсыз иіс шығады. Бұдан бөлек өкпенің қатерлі ісігі, инфаркт сияқты аса қауіпті дерттердің пайда болуына алып келеді. Пассивті темекі шегу кезінде ингаляцияланған екінші темекі түтіні тыныс алу, жүрек-тамыр жүйесіне теріс әсер етеді, инфаркт, жүректің ишемиялық ауруы және өкпе қатерлі ісігі қаупін арттырады. Ал пандемия кезінде шылым шегетіндердің COVID-19-дан өлу қаупі жоғары екенін зерттеулер жүргізілді. Бұл факт миллиондаған темекі шегушілерді темекіні тастауға итермеледі», - деп түсіндірді Бауыржан Баймаханов.

 

Маман өз сөзінде шылым шегетіндердің үлесі жалпы халық санының 20%-ына тең екенін тілге тиек етті. Сөзінше, статистика үй шаруасындағы 12 мың адамды іріктеп, сауалнама жүргізу арқылы анықталған.

 

«Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы мәліметіне сәйкес Қазақстандағы темекі шегетіндердің 77%-ы ер адамдар болса, қалған 23%-ы әйелдер. Ал орта жастағы азаматтардың үлесі 23-28% аралығында. Жасөспірімдердің үлесі 0,6%, 18-28 жасқа дейінгі жастар үлесі 8,6% болды», - деп түсіндірді ол.

 

Маман темекіні тастау ерлерге қарағанда әйелдерге қиынға соғатынын айтады. Себебі әйелдер физикалық тұрғыдан емес, психологиялық тұрғыдан тәуелді болады екен.

 

«Әйелдердің көпшілігі темекіні тастау артық салмақ қосуға алып келеді деп ойлайды. Бірақ диетологтардың пікірінше, артық салмақ мидағы никотиннің қажеттілігін тамақ арқылы өтейтіндерде туындайды. Басқаша айтқанда, бір жаман әдет басқасымен ауыстырылады. Бірақ темекі шегуден бас тарту мен салмақ жинау арасында тікелей байланыс жоқ. Барлығы ерік күшіне байланысты.

 

Дегенмен темекі шегуді қойған адамдарда артық салмақ пайда болмайды деп айту да қателік. Мәселен, Йель университеті мен Фэрфилд университетінің мамандары 5 000 адамның диетасын зерттеген. Олардың арасында күн сайын және арасында ғана темекі шегетіндер болған.  Анықталғандай бұл екі топ салыстырмалы түрде көбірек калория тұтынған», - дейді маман.

 

Бауыржан Баймахановтың пайымдауынша, темекіге тәуелділіктен арылу үшін алдымен никотинге деген психикалық және физикалық тәуелділіктен құтылуға бағытталған арнайы бағдарлама қажет. Мұндай бағдарламаға диагностика, дәрі-дәрмектер, физиотерапия мен психотерапия кіреді.

 

«Сондай-ақ науқастың психикасына әсер ету арқылы санасын «кодтау» әдісі де бар. Оның нәтижесінде темекі шегуге тыйым салынады. Бастапқыда никотиннің дәмі мен иісі жиіркенішті бола бастайды. Темекі шегуді дәрі-дәрмекпен емдеу ағзадан никотинді шығарудың жағымсыз белгілерін азайтуға және психологиялық ыңғайсыздықты болдырмауға бағытталған емдік шаралар кешені екенін ұмытпаған жөн», - деп түсіндірді ол.

 

Ал шылым шегудің психотерапиялық емі темекіге психологиялық құмарлықты жоюға бағытталған шаралар кешенінен тұрады.

 

«Бұл кешен науқасқа никотинге деген құштарлықтың нақты себебін түсінуге және мәселелерді шешудің жолдарын табуға көмектеседі. Темекені тастағысы келетіндер ең алдымен неден бастауы керек? Бірінші, өзімен бірге темекі немесе сіріңке алып жүрмеуі қажет. Сонымен қатар темекіні қорабын сатып алмаған жөн. Егер темекі шеккісі келсе, уақытты кем дегенде 3-5 минутқа созу керек. Бұл аралықта темекі туралы ұмытып кетуге көмектесетін басқа нәрсемен айналысуға тырысу қажет», - деп толықтырды маман.

 

Бауыржан Темірханұлы темекіге тәуелділіктен арылу үшін, ең алдымен, алдыға мақсат қоюдың маңызды екенін атап өтті.

 

«Бір таныс кісі болатын. Темекіні ұзақ уақыт шекті. Бірақ үстіне жаралар шыға бастаған соң өзі темекіден шығар деп топшылады. Осылайша темекіні тастаймын деп алдына мақсат қойды. Әлбетте, оңай болмағаны белгілі. Дегенмен соған қарамастан біршама уақыт өткен соң темекіге деген қызығушылығы төмендеп, қойып кетті. Бір жағынан темекіге жұмсаған қаражаты қалтасында қалды», - деп түйіндеді Бауыржан Темірханұлы.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста