Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Спутник V" вакцинасынан кейін иммунитет екі жыл сақталады – Қиясов

04 ақпан 2021, 13:23

Вакцина коронавирустың жаңа "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдарына да тойтарыс бере алады, деді бас мемлекеттік санитар дәрігер


"Спутник V" вакцинасын салдырғаннан кейін коронавирусқа қарсы иммунитет екі жыл сақталады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі &ndash бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

1 ақпанда қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасы егіле бастады.

"Күні кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі - Lancet (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6%-ті құрағанын хабарлады. Бұған қоса, "Спутник" вакцинасын алғаннан кейін иммунитет кем дегенде екі жыл сақталатыны дәлелденді. Вакцина коронавирустың жаңа "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдарына да тойтарыс бере алады", - деді Қиясов онлайн брифингте.

Ол вакциналау кезең-кезеңмен жүргізілетінін атап өтті.

Ең алдымен, медицина қызметкерлері, кейін педагогтер, күш құрылымдарының қызметкерлері егіледі.