Су ішудің де өз тәртібі бар

Су ішудің де өз тәртібі бар

Суды көп ішу керек дегенді жиі естиміз. Алайда оны көбіміз құлаққа іле бермейміз. Кей адамдар тіпті де су іше алмайтынын айтса, енді біреулер шектен тыс көп ішетінін жасырмайды.

Ал дәрігерлер суды көп ішу де, аз ішу де ағзаға зиянды екенін айтады. Сосын су ішудің де өз тәртібі бар екен. Бұл жөнінде бізге Атырау облысы, Құлсары қаласының тұрғыны, саламаты өмір салты клубын ашып, дұрыс тамақтану жөнінде кеңес беріп жүрген Құралай Ізбасарова (суретте) айтып берді.

«Ағзамыздың 75 пайызы судан тұрады. Макро, микроэлементтері сақталған, таза су тұтынуымыз керек. Әр нәрсе өз шегімен, мөлшерімен. Мысалы, су ішудің жөні осы екен деп оны күннің кез келген бөлігінде іше беруге болмайды. Суды таңертең 5 пен 9-дың арасында көбірек ішкен дұрыс. Себебі осы кезде бүйрек белсенді жұмыс істейді. Таңғы сағат 5-те ішектер оянып, ас қабылдауға дайындала бастайды. Күні бойы тұтынатын суыңыздың жартысынан көбін осы уақытта ішсеңіз, бүйрек оны дұрыс айдайтын болады. Кешкі сағат 8-ден кейін ешқандай сұйықтық ішуге болмайды. Егер күндізгі күні судың ағзаға қажетті мөлшерін беріп қойсаңыз, ағза су сұрамайды, шөлдемейсіз», – дейді Құралай Сатымбайқызы.

«Суды көп ішу керектігін жиі естігенімізбен көбіне мән бере бермейміз. Суды не үшін көп ішу керек? Оны ішпесе не болады?  Осыны түсіндіріп бересіз бе?» – дегенімізде Қ. Ізбасарова: «Сізге былай түсіндіріп көрейінші. Мысалы, таңертең ұйқыдан оянғанда беті-қолыңызды жуғаннан кейін жеңілдеп қаласыз ба? Сол секілді асқазаныңыз бен ішектеріңіз де таңертең ашқарынға су ішкеннен кейін жуылып-шайылып, демалып қалады.  Біз тыныс аламыз, келісесіз бе?  Терлейміз, зәр шығарамыз. Терлемеймін деген адамның да терісіндегі көзге көрінбейтін тесіктері арқылы ағзадағы су бу болып шығып тұрады.

Сөйтіп біз күніне 1,7 литр суды терлеу, тыныс алу, әжетімізді өтеу арқылы жоғалтады екенбіз. Оның орнын толтырып отыруымыз керек. Су жетіспеген кезде ағзамыз бізге белгі береді. Біз оны тыңдап үйренуімізкерек. Мысалы, бас ауруы, шаршау, энергия тапшылығы, асқазанның қыжылдауы, іштің қатуы, бұлшықеттің дірілдеуі, ауырсынуы, қанның қоюланып, қан қысымының көтерілуі немесе қан қысымының түсіп кетуі, терінің, ауыздың құрғауы, еріннің кебуі, бүйректің ауруы – осының бәрі су жетіспей жатыр деп ағзаның адамға дабыл қағуы. Осыны дер кезінде түсіне білсек, бізге ешқандай дәрі ішудің қажеті жоқ. Суды да өз мөлшерімен, тәртібімен ішіп жүріп-ақ талай аурудың алдын алуға болады.

Енді оның мөлшері қанша дегенге келер болсақ, әйелдер өзінің салмағына 0,03-ті, ер-азаматтар 0,04-ті көбейтеді. Мәселен, салмағыңыз 70 кило болса, оған 0,03-ті көбейтесіз. Сонда сіз күніне 2,1 литр су ішуіңіз керек болады», – деп жауап берді.

Құралай Сатымбайқызы артық салмақ қосып алған адамдар дұрыс тамақтану мен дұрыс су ішуді жолға қою арқылы да көздеген мақсатына жете алатынын айтады. Оның айуынша, ер кісілерге қарағанда әйелдердің арықтауы қиынырақ екен. Себебі ер кісілердің майы біртұтас болып, тез арықтайды екен де, ал әйелдердің майы шар тәріздес болып, майдан арылуы да қиын болады екен.

«Сосын май деген нәрсе адамның қан тамырларына да жиылады. Оны медицинада тромб деп атайды. Осы тромб түзілгенде ағзада қан айналымы нашарлайды. Содан барып адамның қан қысымы көтеріледі немесе қатты түсіп кетеді, одан өзге де әртүрлі жүрек-қан тамырлары ауруларына ұшырап жатады.

Сондықтан да осы тамырда тромб түзілуінің алдын алуымыз керек. Ол үшін жоғарыда айтқанымдай, суды әр адам салмағына қарай өз мөлшерімен, тәртібімен ішуді үйренгені дұрыс. Айта кететін тағы бір жайт, қазір көп адамдар шашының көп түсетінін, тырнағының тез сынатынын айтады. Әсіресе, қыз-келіншектер. Сөйтіп шашқа әртүрлі маскалар жасап, бальзам жағып, шашын күте бастайды. Бұл да дұрыс. Бірақ алдымен ішкі проблемалардан арылып алу керек. Негізінен шаштың түсуі, тырнақтың сынуы, буын-буынның қақсап ауруы ағзаға кальций мен нәруыздың жетіспеуінен болады. Мысалы, біреуге балаңызды бақтырсаңыз, оның ақысын төлейсіз ғой. Бірақ өзіңізге қызмет жасап жатқан шаш пен тырнақ, сүйектеріңіздің ақысын беру ойыңызға да кіріп шықпайды».

Әңгіме осы жерге келгенде біз сүйектің ақысы дегенді түсінбей қалғанымызды айттық.  Құралай күліп алып, әңгімесін әрі қарай жалғады.

«Қазір мен сөйлеп отырмын, жағым қимылдап жатыр. Осы жерге дейін жүріп келдім, аяғым қимылдады. Қолыма қасықты ұстадым делік, қолым қимылдады. Осылай қызмет жасағаны үшін біз оның ақысын төлеуіміз керек қой. Сүйектің ақысы – көп қимылдау. Жаяу жүру, табиғат аясында көбірек серуендеу. Қазір көп адамдар жұмысты бір жерде отырып істейді. Одан шыққаннан кейін көлікке отырады. Үйіне барғасын тағы да қимыл жоқ. Осылай қимыл-қозғалыстың аздығынан да адамдар ауруға көп ұшырайды. Сүйекке қажетті азықтар: кальций, С, Д, К витаминдері мен магний. Әр адам тұтынатын тағамының құрамында осы витаминдердің мол болуын қадағалауы керек.

Жалпы, адам жеп отырған тамағының құрамында «мына астан менің ағзам не алады?» деген сұрақты қойып үйренсе, зиянды тағамдарды тұтынбайтын болады. Мысалы, айран, сүт өнімдерінен ағзаңызға кальций түседі, алмадан темір аласыз. Сол сияқты тек пайдалы тағамдармен тамақтану маңызды. Сосын күніне бес реттен аз-аздан тамақтанар болсаңыз, артық салмақ та қоспайсыз, ауырмайсыз да».

«Ауру – астан» деген сөз тектен-текке айтылмаса керек. Бірақ оған бүгінде мән беретіндер сирек. Көбіміз тез пісетін жартылай фабрикаттар мен фастфуд өнімдерін қолданамыз. Газдалған сусындар ішеміз. Ал олардың ағзаға зияны болмаса, ешқандай да пайдасы жоқ. Сондықтан аурудың алдын аламыз десек, Құралай айтқандай дұрыс тамақтану мен су ішу тәртібін жолға қою керек сияқты.

Естеріңізге сала кетсек, Құралай Ізбасарова жайлы газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде жазғанбыз. Жаздың аптап ыстығына қарамастан ол Құлсарыдан Бейнеуге дейін 221 километр жолды велосипедпен жүріп өткен еді.

Г. ӘШІРБЕКОВА.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста