Дәрігер кеңесі

Тамақ ішкен соң жаяу жүру қаншалықты пайдалы

  • Тамақ ішкен соң жаяу жүру қаншалықты пайдалы

    Тамақ ішкен соң жаяу жүру қаншалықты пайдалы

Тамақ ішкеннен кейін жаяу жүріп серуендеген қандағы қанттың мөлшерін азайтып, ағзаға күш береді. Серуендеуге 15 минуттың өзі жеткілікті. Осылай дейді АҚШ Диабет қауымдастығының мамандары.

Тамақтан соң ұйқы келетіні белгілі. Бірақ медиктер ұйықтап қалуға болмайтынын айтады. Оның орнына ең дұрысы – серуендеп қайту.

«Адам тамақ ішіп ап, бір орында отыра бергені дұрыс емес. Қанда қант көбейіп кетеді. Әсіресе, көміртегісі мол тамақ ішкенде қант мүлдем көбейіп кетуі мүмкін. Ал қанда қант көбейіп кетсе, қан айналымы нашарлап, жүйке жүйесі мен басқа ағзалардың зақымдануына әкеледі. Қант көбейген сайын, инсулин гормоны да көбейеді. Ал ол қант диабетіне әкеледі», — деп түсіндіреді америка дәрігерлері.

Дәрігерлердің айтуынша, адам тамақ ішкен соң, тоқ басып біраз жаяу жүруі керек. Содан қанда қанттың көбейіп кетуі бәсеңдейді. Тіпті, қанында қанты мол адамдар жаяу жүрсе, айтарлықтай төмендеуі де мүмкін.

Ғалымдар мынандай зерттеу жүргізіп көрген екен. Тәжірибеге алынған адамдарды тамақ ішкен соң, 10 минуттай серуендеткен. Яғни, күніне 3 рет тамақтанса, сәйкесінше, 30 минут уақытын жаяу жүруге жұмсаған. Сонда тамақтан соң серуенге шыққан жандардың қанындағы қант көлемі шықпағандардан әлдеқайда аз болған.

Тамақтан кейінгі серуеннің басқа да пайдалары бар.

Бірінші кезекте, асқазанның қорытуы жақсарады. Ішке түскен ас асқазан, ішек жолымен оңай өтеді.

Екіншіден, іш қатудың алдын алады. Адам жаяу жүрген кезде, асқазанның төменгі бөлігіне массаж жасалады да, ішек жұмысына күш түспейді.

Үшіншіден, күйзелесті жояды. Өмірде күйзеліс көбейсе, тамақтан соң серуендеудің пайдасы ерекше. Таза ауада жүрген адамның ағзасында кортизолдың (стресс гормоны) бөлінісі азаяды.

qadam.asia




Көрілген: 2463    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 01:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31