Тілге қарап денсаулыққа қатысты қандай проблеманы анықтауға болады?

22 желтоқсан 2022, 18:52

Медицина ғылымы дамымай тұрып-ақ адамзат баласы денсаулықтағы ақауларын түрлі тәсілдермен анықтаған. Мәселен, терінің, көздің, тырнақтың, тілдің түсінің өзгеруінен адамдар бірқатар ауру түрлерін ажырата білген. Біркүні байқамай тіліңізді тістеп алмасаңыз немесе тамағыңыз аурып қалып, аузыңызды қарамасаңыз, өздігіңізден тіліңіздің жағдайын тексермейтін шығарсыз. Десе де, бұл сегіз түрлі бұлшықеттен тұратын және дамыған сенсорлық жүйесі бар ерекше орган.

Орташа есеппен, тіл ұзындығы шамамен сегіз сантиметр болады және онда 2 мыңнан 4 мыңға дейін дәм сезу рецепторлары орналасқан. Сондай-ақ ол өте сезімтал, оған қарап жалпы денсаулық жағдайын көруге болады. Әдетте нормадан тыс ауытқулар қандай бір ауру немесе процесс жайлы ескертетін белгі бола алады.

Тілдегі ақ дақтар

Сарғыш-ақ ақтар кандидоз саңырауқұлақ жұқпасының белгісі болуы мүмкін. Ол жиі ауру немесе дәрі ішу кезінде ауыз қуысы денсаулығы бұзылғанда пайда болады. Егер тіліңізде үлдірлі ақ дақтар болса, ол қызыл жалпақ теміреткі деп аталатын жағдай болуы мүмкін: иммунды жүйе ауыз тіндеріне шабуыл жасайды. Бұл екі жағдайда да диагнозды нақты анықтау үшін терапевтке көрінген дұрыс.

Ал қырса да кетпейтін қатты ақ жалпақ дақтар уақыт өте ауыз қуысы қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін. Сондықтан өзгеріс байқаған бойда дәрігерге бірден көрсеткен жөн.

Ашық қызыл тіл

Ашық қызыл тіл Кавасаки ауруының белгісі болуы мүмкін. Ол қауіпті әрі сирек кездесетін ауру. Ол әдетте балаларда кездеседі және қан тамырлардың ісінуін тудырады.

Сондай-ақ ол қызамық (скарлатина) белгісі болуы мүмкін. Алайда егер тіліңіз тегіс әрі қызыл екенін және тамағыңыздың ауырып тұрғанын байқасаңыз, бұл В3 дәруменінің жетіспеуінің белгісі.

Қарайған тіл

Құрамында висмут деген ингредиенті бар дәрі ішкен болсаңыз, ол тілді қара түске бояуы мүмкін. Одан қорқудың қажеті жоқ, ол зиянсыз. Дәрі курсын аяқтаған соң тіл түсі қайтадан қалыпқа келуі керек.

«Түкпен» қапталған тіл

Кейде тілде түкке ұқсайтын нәрсе байқауыңыз мүмкін. Ол әдетте ақ, қоңыр немесе қара түсті болады. Ақуыздар тілдегі жасанды түйіршектер және бұдырларды ұзынырақ «шаштарға»  айналдырады. Ал оларға тамақ пен бактериялар түседі. Бұл түзілімдерді қырып тастауға болады, алайда олар «түкпен» қапталған ақ дақтар болса және олар қырсаңыз да кетпесе, бұл дақтар тағы да ауыз қуысы қатерлі ісігіннің пайда болуына ықпал етуі мүмкін.

Өте тегіс тіл

Егер тіліңіз сізге тегіс және жылтыр болып көрінсе, ода ешқандай ұсақ төмпешіктер болмаса, бұл ағзаға қоректік заттардың жетіспейтінін білдіреді. Соның ішінде, темір, фолий қышқылы және В тобының друмендерінің жетіспеуі мүмкін.

Тісіңізді жуған кезде щеткамен тіліңізді де тазалауды ұмытпаңыз. Бұл біріншіден, денсаулығыңызға пайдалы, екіншіден, ауыздан жағымсыз иіс шығармайды. 

massaget.kz