Уролог 40-тан асқанда еркектердің жыныс мүшесі неге кішірейетінін айтты

19 мамыр 2022, 18:50

Бұл туралы уролог-андролог Есенай Сырымұлы өзінің TikTok-тағы парақшасында айтты., - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Қырық жастан асқан кезде ер адамдарың жыныс мүшесі кішірейеді. Бұның себебі неде?

 

Урологтың айтуынша, қырық жастан асқан кезде ер адамдардың көпшілігінің жыныс мүшесі кішірейіп, жиырылып, ішіне кіріп кетеді. Ер-азаматтар осындай мәселемен дәрігерге жиі шағымданады екен. Ал урологтың айтуынша, оның бірнеше себебі бар.

 

Америкадағы Гарвард медицина мектебінің зерттеуінше, ең негізгі себебі — тұрақты түрде жыныстық қатынасқа түспеу. Аптасына 3-4 рет төсек қатынасы болмаса, мүшеге оттегі, қоректік заттар жетіспейді. Соның әсерінен мүше кішірейеді, — дейді дәрігер.

 

 

Сондай-ақ көп қырыну да мүшеге кері әсерін тигізеді. Тері тітіркеніп, сезімтал болады. Тез жиырылып, бұлшық еттер тартылып қалады. Тар іш киім де мүшенің кішірейюіне алып келеді. Сондықтан мүшені қыспайтын киім киген жөн.

 

Артық салмақ, семіздік міндетті түрде мүшенің кішіреюіне әкеледі. Сондай-ақ ағзаға су, ылғал жетіспесе де осы прболема туындауы мүмкін.

 

Теріге ылғал жетіспесе арнайы майсыз крем, мазь жағып, күтім жасап жүру керек. Суды қалыпты мөлшерде ішкен дұрыс, — дейді дәрігер.