Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ұйқы қануы үшін не істеу керек?

17 желтоқсан 2022, 19:03

Көптеген адамға қыс мезгілінде таңертең тұру өте қиын. Ұйқыдан тұруды жеңілдету үшін түнде жақсы ұйықтау керек. Дәрігер жақсы ұйықтауға көмектесетін бірнеше кеңес айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі  "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап жазды.

Дәрігер Игорь Соляник ұйықтар алдында тамақ немесе сергітетін сусындар ішуден, ауыр физикалық күш салудан бас тартуға кеңес береді. Сондай-ақ гаджеттерді пайдалану ұсынылмайды.

 

"Таза ауада серуендеген дұрыс немесе көп күш кетпейтін жұмыстарға басымдық бергеніңіз жөн", - дейді ресейлік клиникалардың бірінің бас дәрігері.

 

Сарапшы бір уақытта ұйықтап, оянуға кеңес берді. Сонымен қатар, ұйқы сапасына матрас пен төсек-көрпе де маңызды. Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, жұмыс пен демалыстың арақатынасын ретке келтіру маңызды, күн сайын өзіңізге уақыт бөлуді ұмытпаңыз.

 

Игорь Соляник ұйқы қанбауының басқа да ықтимал себептерін талдауды ұсынады. Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін жалпы тәжірибелік дәрігермен, невропатологпен немесе сомнологпен байланысып, проблеманың себептері мен шешімдері туралы ойлана аласыз.