Дәрігер кеңесі

Вакцина әйелдер мен ерлерге бірдей әсер ете ме? Ғалымдар зерттеу жүргізді

  • Вакцина әйелдер мен ерлерге бірдей әсер ете ме? Ғалымдар зерттеу жүргізді

    Вакцина әйелдер мен ерлерге бірдей әсер ете ме? Ғалымдар зерттеу жүргізді

Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаның әсері адамның жынысына қарай әр түрлі болады деген болжам жасап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап.

Pfizer вакцинасының тиімділігі ерлерде 96,4 пайыз, ал әйелдерде 93,7 пайыз екені белгілі болды. Ал Moderna ерлерде 95,4 пайыз, әйелдерде 93,1 пайыз тиімді. Johnson & Johnson препараты да ерлерде 68,8 пайызға және әйелдерде 63,4 пайызға тиімділігін көрсеткен.

 
Сарапшылар вакцинацияға байланысты тағы бірнеше болжам жасаған. Мысалы, әйелдер аурудың белгілері туралы жиі хабарлауға және COVID-ке тест тапсыруға бейім екен.

Джонс Хопкинстің Әйелдер денсаулығы, жыныстық қатынас және гендерлік зерттеулер орталығының қызметкері Сабра Клейннің айтуынша, ерлер мен әйелдер арасындағы биологиялық айырмашылық пен вакцинаның оларға әсерін зерттеуге лайықты мән берілмей отыр.

Әдетте әйелдерде ерлерге қарағанда вакциналарға иммундық реакция күштірек болады. Бұл мықты қорғанысқа әкеледі. Ғалымдар бұл жерде эстрогеннің жоғары деңгейі маңызды рөл атқарады деп санайды, өйткені эстроген иммундық жүйенің қалыптасуына себеп болады.




Көрілген: 2344    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 10:59

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 18:09
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30