Дәрігер кеңесі

Вакцина құжатын сатып алғандарға "рақымшылық" жасау ұсынылды

  • Вакцина құжатын сатып алғандарға

    Вакцина құжатын сатып алғандарға "рақымшылық" жасау ұсынылды

Вакцина құжатын сатып алғандарды жауапқа тартпай, оларға "рақымшылық" жасау ұсынылды. Алайда құқық бұзушылар өз еркімен коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, оның ақысын төлеуі қажет. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның құжатын сатып алғандарға "рақымшылықтың" жаңа түрі ұсынылып отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин айтты.

Профессор – Қазақстанда коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі "Ел үшін егілемін" азаматтық штабы сарапшыларының бірі. Локшин жалған құжат жасатқандарға да "рақымшылық" жасауға бастамашы болып отыр.

"Біз вакцина құжатын сатып алған адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырғысы келсе, бұған дейін жойылған мемлекеттік вакцинаның құнын төлеуін ұсынып отырмыз. Артынша ол адамға вакцина салады. Олар қудаланбауын ұсындық", - деді Вячеслав Локшин.
Бұл бастама вакцина құжатын сатып алғанын мойындап, вакцина салдыруға келетін қазақстандықтарға бағытталған. Профессордың сөзінше, бастапқыда вакцинадан қорқып, құжат сатып алғандар көп. Олардың ішінде қазір вакцина салдырғысы келетіндер де бар. Алайда олар өз әрекеті үшін жауапқа тартылудан қорқады.

"Ойланбастан вакцина құжатын сатып алып, қазір вакцина салдырғысы келіп жүрген адамдарды білемін. Олар адамдардың ауырып, қайтыс болып жатқанын көріп отыр. Ал олар барып вакцина салдыра алмайды, себебі жүйеде вакцина салдырған деп жазулы тұр. Олар үшін арнайы немесе қалыпты пункт ашу керек. Алайда олар вакцинаның құнын төлеуі керек, себебі бір доза бұған дейін де жұмсалды", - деді Локшин.

Мұндай азаматтар елде ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына кедергі келтіреді. Сонымен қатар вакцина салдырғандар арасында мұндай қанша адам бар екені белгісіз, дейді дәрігер.

"Ертең олар ауруханаларға түскен кезде он доллар емес, мың доллар жұмсаймыз. Сол себепті осы жолды таңдауға шақырамын", - деді ол.

Азаматтық штаб әлеуметтік желіде вакциналау мәселесіне назар аудартып отыр. Дәрігердің айтуынша, олар әлі биліктен ресми жауап алған жоқ.

"Біздің мақсат – ұжымдық иммунитетті қалыптастыру және қалыпты өмірге оралу. Біз бұл қозғалысқа қаншалықты көп адам тартсақ, емханаларда науқастардың саны соғұрлым аз болады", - деді Локшин.
Қазақстанда коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі "Ел үшін егілемін" азаматтық штабы биыл тамызда құрылды. Қозғалыстың көшбасшысы – экономист Рахым Ошақбаев. Штаб құрамына медицина саласындағы сарапшылар, журналистер, блогерлер кіреді.

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бастапқыда вакцина құжатын қолдан жасатып, кейіннен коронавирусқа қарсы вакцина салдырғысы келетін адамдарға қатысты ұсыныс айтты.

"Вакцина алмай, құжатын жасатқан адамдар вакцина салдырғысы келсе, өз қалтасынан төлеуін қолдаймын. Себебі кезінде вакцинаны пайдаланбай, үкіметке де, қоғамға да зиян әкелді. Көп жағдайда ол вакцинаны төгіп отырған", - деді Жандарбек Бекшин.




Көрілген: 1581    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.08.2021, 00:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31