«Ақберен» өрендер байқауы мәресіне жетті

«Ақберен» өрендер байқауы мәресіне жетті

Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығы Түркістан қаласындағы Нұртас Оңдасынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты кешенінде отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру мақсатында 8-11сынып оқушылары арасында ақындық пен шешендік өнерге баулитын «Ақберен»республикалық байқауын аяқтады, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы «Дарын» орталығына сілтеме жасап.
Байқауға республикамыздың Астана мен Алматы қалаларынан, Ақмола, Алматы облысы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары мен Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арналған қазақ тілін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектеп- интернатынан жүзге жуық оқушы қатысты.
Алты номинация бойынша өткен байқауда шешендік өнер, көркемсөз оқу; шығарма, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы, ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.
Өнерлі өрендерді бағалап, қазылық еткендердің қатарында Әлтай Аманжол басқара отырып, ашылу салтанаты мен жабылуында оқушылар мен жетекшілерге осындай байқауға келіп қатысып өздерін көрсеткендеріне ризашылықтарын білдіріп, қазақ айтысының, қазақ шешендік өнерінің жалғасы бар екенін мақтан етті. Жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік жатқанының куәсі болғандарын жүрекжарды айтты. Сонымен қатар, қазылар алқасының құрамында филиология ғылымдарының докторлары ақын Жанат Әскербекқызы мен Құлбек Ергөбек; филология ғылымдарының кандидаты Қарлығаш Сарекенова, Қ. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің оқытушы ғалымдары - Иманәлі Сайманов, Эльмира Дүйсенова, Жанымгүл Камалқызы, Батырхан Сәрсенхандар қазылық жасады.

Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері және командалық топтар (төмендегі оқушылар) анықталды.

Ақындық пен шешендікке баулитын «Ақберен» IIреспубликалық байқауының қорытындысы жайлы ақпарат
19-21 наурыз ОҚО Түркістан қаласы, Түркістан аймақтық Нұртас Оңдасынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп- интернатында
8-11 сынып оқушыларына арналғанАқындық пен шешендікке баулитын «Ақберен» IIреспубликалық байқауы өтті.
Қатысқан оқушы саны 96, жеткеші 25
Байқаудың ережесі бойынша үш командалық топ еңіске жетті.
I орында Шығыс қазақстан облысы

 

 

Ақындық пен шешендікке баулитын«Ақберен» ІІреспубликалық байқауының нәтежелері

Командалар бойынша:

1 орын - Шығыс Қазақстан облысы


2 орын –Жамбыл облысы


3 орын – Қызылорда облысы


НОМИНАЦИЯЛАР бойынша дипломдармен:

1,2,3 орын алған командаларға «Дарын» РҒПО-ның I,II,III дәрежелі дипломдары және медальдармен марапатталды. Жеке номинацияларбойынша орын алған оқушыларға дипломдар, грамоталармен сыйлықтар (кітаптар) тапсырылды. Барлық қатысушыларға «Дарын» РҒПО-ның сертификаттары берілді.

Оқушыларды ақындық пен шешендік өнерге баулитын «Ақберен» III республикалық байқауын қазылар алқасының шешімімен 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысында өтетіні жайлы қатысушыларға жабылу салтанатында хабарланды .

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста