Қазақ рухын көтерген Қарақұм құрылтайы

Қазақ рухын көтерген Қарақұм құрылтайы

Қазақ тарихындағы атадан – балаға, баладан - немереге, немереден – шөбереге ұласып, үздікті – создықты екі ғасырға созылған қазақ – жоңғар соғысындағы ең қантөгісті, күрделі кезең XVIII ғасыр екендігі тарихтан белгілі. Шоқан Уәлиханов «қанды қырғын», «жантүршігерлік», «жаугершілік» деп атаған XVIII ғасырдың бас кезіндегі жағдай қазақ халқы үшін тіпті ауыр болды. Бұл жағдайды Шоқан былай деп сипаттады: «XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын талқандап, малын тартып алып, тұтас отбасыларымен тұтқынға әкетіп отырды».
Жоңғар әскерлерінің Қазақстан жеріне басып кірген ірі әрекеті 1710-1711 жылдары болды. Оның халықтың жанына қаншама батқандығын 1710 жылы Арал теңізінің, солтүстік шығыс өңіріндегі Қарақұмда қазақ жүздерінің жиналысы шақырылғанына қарап білуге болады. Бұл тарихта Қарақұм сьезі ретінде белгілі, оны Қаракесек (Әлімұлы) руының жерінде өткендіктен, кейде Қаракесек жиыны деп те атайды. Осы жиын туралы алғаш рет 1803 жылы сол өңірлерде тұтқында болған орыс офицері Я.П.Гавердовский Әлімұлы ақсақалдарынан жазып алған. Кейінгі тарихшылардың барлығы, қалың жұртшылыққа белгісіз осы оқиға туралы жазғанда, қолжазба күйінде сақталған осы еңбекке сүйенеді.

Жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі өткізілген аса маңызды екі жиынның алғашқысы Қарақұм құрылтайының тарихи маңызы ел тәуелсіздігі таразыға түскен сын сәтте, халықтың топ – топ болып ыдырап, босып кетуін тоқтатып, елді бірлікке ұйыстырып, рухын көтере білген ерекше патриотизмінде жатыр. Мәслихатты ұйымдастыру мен онда қарапайым мәселелерді анықтау билер мен батырлар үлесіне тиді. Бұл бас қосуға ықпал жасаған Әз Тәуке хан болды. Ол қазақ жасақтары мен руларын басқаруды құрылымдық тұрғыдан қайта ұйымдастырудың жоспарын ұсынды. Ауыз әдебиеті деректері құрылтайда екі маңызды мәселенің көтерілгендігін көрсетеді.

Екінші мәселе – кіші жүзге хан сайлау. Екі мәселе де өте маңызды болғандықтан алдын-ала билер мен батырлардың талқысынан өтті. Мәслихатта бір-біріне қарсы пікірдегі екі топ пайда болды. Бірі – жоңғарлардың жеңісін мойындап, олардың билігіне мойынұсынуды мақұлдайтын топ;
Екіншісі – жоңғарларға қарсы тойтарыс беріп, жерімізді жаудан азат ету үшін күресуді жақтайтын топ. Мәслихаттағы мәселені талқылау барысында екінші топ жеңіске жетті.
Я.П.Гавердовскийдің материалдарына сүйенген тарихшы – ғалым И.Ерофеева Қарақұм мәслихатының барысын былайша баяндайды: «қазақ ақсақалдарының айтуынша, осы мәслихатта бірауыздан қабылданған күшті жауға бірігіп тойтарыс беру туралы шешім өте қиын және моральдық – психологиялық жағдайда өтті. Мұндай шешімге тек батырлардың мықты тегеуріні арқасында қол жеткізілді. Жоңғар қонтайшысына бағынуды немесе басқа жаққа көшіп кетуді ұсынған «жеңіліс» тобының бірнеше өкілі сөйлегеннен кейін ортаға шыққан атақты Бөгенбай батыр қызу қандылықпен өз киімін жыртып, семсерін жоғары көтеріп, бүкіл кеңесті айнала былай деп ұран салды:

Бірінші мәселе – жоңғарларға қарсы күш біріктіріп, тойтарыс беру;
«Уа ағайын! Ұлдарымыздың – құл, қыздарымыздың тұл болғанын, жайлауымызды жатқа беріп, мал-жайымызға дінсіздердің ие болғанын көргенше, шыққыр көзіміз неге алдымызға ағып түспейді. Желкілдеген ту көтеріп, желекті найза ұстаған батыр бабаларымыздың әруағына сиынып, ата жауға қарсы неге шаппаймыз? Қас дұшпанның қара жүрегіне шаншыр көк сүңгіміздің ұшы мұқалды ма? Қаскөй басты қылша мойыннан талша шауып допша домалатар айбалтамыздың жүзі майырылдыма. Жо...жоқ, ағайын! Ата-бабаларымыз тапсырған алдаспанымыз әлі қолымызда, сауырына тақымымыз тисе жел болып ағатын тұлпарымыз әлі астымызда. Ендеше айбынымыз, жүрегіміз неден шайлығады?

-Уа жұртым! Бүгіннен бастап кеудемдегі шыбын жаным алдымен Алланікі, сонан соң сендердікі. Алдарыңызда ант беремін, қасық қанымыз қалғанша қасиетті жерімізді таптатпаймыз. Уа аруақ! Өзің жар бола гөр!» Бөгенбай батырдың ашына айтқан батыл сөздері бүкіл жиынға қатысушыларға қатты әсер етіп, бірінші топтағы жоңғарларға мойынсұнуды жақтайтындар жеңіліп, елді азат ету үшін күш біріктіру қажет деген шешім қабылданады. Содан кейін барлық сьезд мүшелері Бөгенбайдың ұранынан айнымауға ант берді. Бір жеңнен қол шығарып, бірін-бірі қасық қандары қалғанша қорғауға серттесті. Рухтың күшейгені соншалық, кейбір ақсақалдар берілген антты қуаттау үшін жанып тұрған отқа қан тамызуға дейін барды. Ант беру қабылданғаннан кейін жаппай құдайға сиынып боз биенің етінен дайындалған құрбандық таратылып, сол арқылы одақтың мызғымастығы көрсетілді.
«Қарақұм құрылтайы - батырлар құрылтайы», болды деп тарихшы Н.Г.Апполова айтқандай, Бөгенбай, Есет тағы да басқа батырлардың патриоттылығы, отансүйгіштігі осы жиында қатты байқалды.
Я.П.Гавердовскийде «Риза болған халық Бөгенбайды өздерінің жетекшісі деп жариялайды».
Революцияға дейінгі тарихшы Н.М.Маевта Бөгенбайдың сіңірген еңбегін былай деп атап өткен «Қарақұмдағы халық сьезінде әйгілі батыр Бөгенбай дегенмен де, өз отандастарын бірсыпыра уақытқа жігерлендіре білді, сөйтіп оларды бастап, қалмақтарды талқандайды». В.Витевскийдің деректеріне қарағанда сьезде, «хандар әулетінде Әбілқайыр аға хан болып сайланған». Бұл туралы Л.Мейер: «сол жерде хандар әулетінде Әбілқайыр аға хан болып сайланды», - деп жазды. Ақыр аяғында тарихшы В.Н.Витевский былай деп тұжырымдады: «қазақтардың әйгілі батыры және ақсақалы Бөгенбай Қарақұмдағы сеймде халықты қалмақтарға шабуыл жасауға көндірді. Бөгенбай қазақ жасақтарының жетекшісі болып сайланды, ал хан билігі Әбілқайырға берілді. Құрылтай шешіміне сәйкес құрылған халық жасақтары жоңғар әскерлерін шығысқа қарай біршама ығыстырды».
Осылайша Қарақұм құрылтайындағы бірігудің, күш қосудың нәтижесінде Қазақ хандығы Жоңғариямен күресте біршама табыстарға қолы жетті. Мәселен, 1711 жылы Жоңғар феодалдары Қазақстанға шабуыл жасағанда Тәуке ханның жасақтары оларға қатты соққы берді.
1711-1712 жылдары қазақ билеушілерінің әскері Жоңғар мемлекетіне басып кіріп, шекаралық қоныстарын талқандады, көптеген тұтқынды қолға түсірді. 1713 жылғы жоңғар феодалдарының қазақ жерлеріне жасаған жорығы да олар үшін сәтсіз аяқталды. Жоңғар әскерлері көп шығынға ұшырап, кейін қайтуға мәжбүр болды. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының шиеленіске толы ішкі – сыртқы жағдайын ретке келтіру, сыртқы халықаралық саяси жағдайды талқылау мақсатында өткізілген Қарақұм жиналысының тарихымызда алар орны ерекше. Жоңғарға қарсы күш біріктіруге уәде байласқан бұл жиын талай батырдың тұсауын кессе, келешекте келелі істердің түйіні қолынан өтетін Бұқардай дананың өмірінде ерекше із қалдырып, қазақтың үш төбе биі – Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ақыл-ойы мен бүкіл ақыл парасаты осы тұста жарқырап көрінді.
Мәслихатта көтерілген мәселелердің және қабылданған шешімдердің бүкіл қазақ елінің жарқын болашағы үшін зор маңыздылығы оларды қабылдауда белсене атсалысқан Есет, Бөгенбай секілді батырларды бүкілқазақтық деңгейдегі тұлғаға айналдырды.
1710 жылы атақты Қарақұм жиналысы шақырылды. Осы жиын өткен кезде болашақ батыр Жәнібек (Шақшақ) 16-17 жасар бозбала еді. Қарақұм жиналысында Орта жүздің игі жақсыларымен-есімі алты алашқа Мәшһүр Қаз дауысты Қазыбек би, жаңа танылып келе жатқан Бұқар жырау, Қабанбай батырлармен ілесе барып, Есет батырды көзімен көріп, Бөгенбай батырдың жалынды сөздерін естіген жас батыр рухы өсіп, батырлық, ерлік жолына бата алды.
Отандық тарих ғылымына ерен еңбек сіңірген аса көрнекті тарихшы- ғалым Манаш Қозыбаев Қарақұм құрылтайына өзінің «Жауды шаптым ту байлап» деген еңбегінде «Ұлы құрылтай» деп баға беріп, былайша сипаттайды: «Халқымыз Ордабасыға 1726 жылы екінші рет бүкілқазақтық құрылтайға ұзақ жол жүріп жетті. Ол Қасым хан салған қасқа жол, ол Салқам Жәңгір салған, Отанды қорғау қабілетін баянды ету жолы, ол Әз Тәукенің Күлтөбенің басында күнде кеңес өткізіп салған «Жеті Жарғы» жолы, ол Арқа мен Байтақ даланың түйіскен сайын даланың кіндігі Таңбалынұр жиынына барар жолдар, ол 1710 жылы Қарақұмдағы бүкіл халықтың арқар ұранды төреден муккадама лашкариі Әбілқайыр сұлтан, «Алаш» ұранды қарадан Сардарбек болып Қанжығалы қарт Бөгенбай сайланған Ұлы құрылтайға апарған жолдар».
Иә, сол бір бірлікке бастаған ата дәстүрі халқымызды талай рет жеңістерге жеткізді. Қарақұм құрылтайындағы бірліктің нәтижесінде ХVІІІ ғасырдың 10-жылдарынан бастап қазақ елі Жоңғарияға қарсы ұйымдасқан түрде тегеурінді, батыл қарсылық көрсете бастайды. Қазақ елінің ХVІІІ ғасырдың 10-20 жылдарында көрші елдермен, әсіресе Жоңғариямен, Еділ қалмақтарымен, башқұрттармен қарым-қатынасында бұрынғыға қарағанда үлкен белсенділік байқала бастады. Бұрынғыдай жау келіп, малды айдап, жанды тұтқындап кетті деген аянышты сөздердің орнына, қазақтар оларды жеңді, қазақтар оларға жорық жасады, қазақтар мен жоңғарлар шайқасты, қазақтар оларды жеңіліске ұшыратты деген мәліметтер деректерде жиі кездеседі. Бұның барлығы Қарақұм құрылтайының нәтижесі екендігі белгілі.
Заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Кекілбаев жазғандай, сол бір тарихи кезеңде Қарақұм үш жүзге тең орта, қолайлы жер болыпты. Қазақ тарихындағы орны ерекше «Қарақұм құрылтайының» осы кезге дейін «Ордабасы» жиынындай дәріптелмеуі оның тарихи маңызының кемдігінде емес, орталықтан шалғай құм арасында жатқандығында және осы уақытқа дейін осындай маңызды оқиғаға байланысты ешқандай белгі ескерткіштің орнатылмауында. Осы орайда мемлекеттік деңгейдегі маңызы бар «Қарақұм құрылтайына» осы тарихи басқосу өткізілген Арал ауданы, Қарақұм ауылының орталығынан 2012 жылы, екі жыл кейін болса да осы атаулы оқиғаның 300 жылдығына ескерткіш-стелла орнатқан сол тұстағы аудан әкімі Н.Мұсабаевтың еңбегі ерекше зор. Осы атаулы жыл аясында «Қарақұм құрылтайы» тарихын зерттеуде № 59 Қарақұм орта мектебіндегі ғылыми қоғамның жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Ләззат Есжанованың ұйымдастыруымен, тарих пәні мұғалімі Жетес Әйтімовтың жетекшілігімен, мектеп оқушысы Сырбай Шынболатов «Бірліктің Ордасы- Қарақұм» ғылыми жобасын дайындап Республикалық VІІІ «Зерде» ғылыми жобалар конкурсына қатысып, Астана қаласындағы тарихшы мамандардан «жоғары баға» алып І орынды иеленіп жеңімпаз атанды.
Қарақұм құрылтайының тарихи маңызын одан әрі арттыра түсетін ерекше жаңалық Әз Тәуке тұсындағы жасалған «Жеті Жарғы» заңының Қарақұм құрылтайында толықтырылып, нақтыланып толыққанды жұмыс жасай бастауы. Соңғы жылдардағы зерттеушілердің бірі А.Оразбаева «Жеті Жарғының» қабылданған уақытының 1710 жылғы Қарақұм жиналысы кезінде орын алғандығын өз зерттеуінде нақтылай түседі. А.Оразбаеваның пайымдауын дұрыс деп айтуға болады. Өйткені 2013 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген Қазақстан тарихы «ғылыми-танымдық басылымында» Тәуке хан тұсындағы маңызды даталар түзілімінде 1710 жыл Қарақұмдағы құрылтай, «Жеті Жарғы» деп көрсетілген. Жоғарыда аталған А.Оразбаеваның өзінің «Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты» еңбегінде «Жеті Жарғының» қабылданған уақытының 1710 жылғы Қарақұм жиналысының кезінде орын алғандығын нақтылап көрсетеді. ХVІІІ ғасырға қатысты карталарда да 1710 жылғы басты оқиға Қарақұм құрылтайы мен «Жеті Жарғы» деп көрсетілген. Иә, Қарақұм құрылтайы- бұл тек жоңғарларға қарсы соғысу үшін өткізілген бас қосу ғана емес сонымен бірге маңызды реформалар енгізілген аса маңызды жиын болды. Қарақұмдағы қаланған ұлттық бірлік келешектегі Ордабасыдағы тұтастықтың тұғыры болды. Қарақұм құрылтайындағы ұлттық бірлік болмаса, келешектегі Ордабасы құрылтайының болмауы да мүмкін бе еді. Қарақұмда Үш Арыстың батасын алып «Алаш» ұрандының туын көтерген Бөгенбай батыр мен «Арқар» ұрандының туын ұстаған Әбілқайыр хан «Ордабасы» құрылтайының шешімі бойынша өздерінің Қарақұмда басталған тарихи миссиясын ары қарай жалғастырды. «Қарақұм құрылтайынан», «Ордабасы» құрылтайына дейінгі 15 жыл уақытта талай қиыншылықтарды жеңіп 1729/30 жылдардағы атақты «Аңырақай» шайқасында Ұлы жеңіске қол жеткізді. Қарақұмда негізі қаланған бірлік туы, Ордабасыға дейін жығылмай жетіп Аңырақайда биікте желбіреді.
Қазақ хандығының биылғы 550 жылдық мерейтойы аясында, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылдық округінде орнатылған ескерткіш-стелла ресми түрде тарихи ескерткіштер (мемлекеттік) тізіміне енгізіліп, осы өңірде Қарақұм құрылтайы мен «Жеті Жарғыға» байланысты ғылыми-танымдық конференция өткізілсе, бұл тарихымызды түгендеуге, жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеуге және де Қазақ хандығының 550 жылдығына қосылған зор үлес болар еді. Осындай аса маңызды тарихи оқиғаға қазіргі уақытта лайықты бағасын беру отандық тарихшылардың азаматтық міндеті және парызы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру үшін тәуелсіз тарихымыздағы аса маңызды оқиғаларды тасада қалдырмай, халықтық бірлігімізді нығайту үшін насихаттаудың маңызы зор.

Жетес Әйтімов.
Қызылорда облысы
Арал ауданы
№ 59 Қарақұм орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста