"Құлагер өлімінің шындығы" атты ғылыми жобаның тезисі

"Құлагер өлімінің шындығы" атты ғылыми жобаның тезисі

Менің зерттеу мақсатым: Ақан серінің кісі қолынан мерт болған арғымағы Құлагер туралы толықтай зерттеп, зерделеп, анықтап білу.

Зерттеудің міндеттері:
Ақан серінің шығармаларына тоқталу;
Құлагер өліміне қатысты шындықты анықтау;
Бөрібайдың Құлагердің өліміне қаншалық қатысы барын- жоғын анықтау.

Зерттеу кезеңдері:
Осы мақсатты, міндеттерді жүзеге асыру үшін бірінші, мен мектеп кітапханасына, қалалық мұрағат пен мұражайға және Президент мәдени орталығына бардым.
Екінші, алғаш рет Құлагердің мерт болған жеріне экспедиция жасаған Қазақстан ат спорты ұлттық федерациясының президенті Сәдібек Түгел ағамен кездесіп, сұхбаттасып және ауызша деректерді салыстыра отырып, нақты мәліметтер жинақталды.
Үшінші, Жинақталған материалдарды іріктеп, жұмыстың бағыт- бағдарын айқындап, жоспар құрдым.
Төртінші, жоспар бойынша жұмыс жазылып, қол жетім нәтижелер анықталды.
Зерттеудің нәтижесі:
1.Ақан серінің өмірі мен шығармашылығына тоқталсақ, Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі.
2. Халыққа көп тараған Ақанның ең даңқты өлеңінің бірі- «Құлагер». Осы өлеңінде жалғыз ат қайғысы ғана жырланбайды, соның аянышты өлімін аза тұту арқылы адамның сай-сүйегін сырқыратарлықтай ыза-кегін өршітерліктей дәрежеде заман шындығын, әлді үстем таптың зұлымдығын әшкерелейді; сол арқылы өткен кездегі теңсіздікті еске түсіреді.
3. Сонымен Құлагер өліміне қатысы дауы осыдан 28 жыл бұрын, яғни 1986 жылы тұтанған еді. Сол жылғы «Жұлдыз» журналының №6 санында қазақ әндерінің шығу тарихын бір кісідей жетік білетін жазушы, белгілі сазгер Ілия Жақановтың Құлагер өліміне қатысты мақаласын жариялап, Құлагердің өліміне Бөрібай кінәлі деген. Мына кестеге қарасақ, ақын- жазушылар Құлагер өліміне кінәлі кейіпкерді әр түрлі жазған. Құлагерді кім өлтіргенін Ақанның, яғни «Құлагер» әнінің өзі айтыпты. Онда әр шумақ  сайын «Әй, Бөрібай-әй-әй-әй, Бөрібай-әй,» деп қайталанып, тұла бойыңды шымырлататын өксік бар.
Арада қос ғасыр өтсе де осы ән бүгінгі ұрпаққа Батыраш  емес, Бөрібайлап  жетуі тегінен-тегін болмаса керек. Олай болса, күні бүгінге дейін Құлагер өліміне кінәлі болып келген  Батыраш есімінің бұған еш қатысы жоқ екендігін ашық айтуға тиіспіз. Жазықсыз жанға таңылған қиянат пен қауесеттің ақ пен қарасын ажыратып айтуды алдыма мақсат еттім.
4.Еркіндікке ұмытылған Құлагерге құрмет
Халқымыздың жылқыға деген ерен құрметінің белгісі оны мәңгіліктеу – ескерткіш мүсіндерін орнату. Құлагерге деген құрмет тек ескерткішпен шектелген жоқ. Еліміздің танымал тұлғалары да өз үлестерін қосуда.
Зерттеу барысында өз мектебімдегі оқушыларға , көршілерге, ата- аналарға Құлагер туралы қаншалықты білетінін білу мақсатында сауалнама жүргіздім. Сауалнаманың қорытындысы бойынша қатысқан 94 адамның 61 пайызы ғана белсенді қатысты. Сондықтан жылқыны білу, жылқыға үйір болу, шамасы келгенінше жылқыны танып өсу – ұлттық сана-сезімімізді сергітер, жасыған жадымызды серпілтер, тектілігімізбен табыстырар тағылым-танымның ең қуатты құралының бірі екені сөзсіз.
Қорыта келгенде, мынандай ұсыныс айтқым келеді:
1. Дауға айналған Құлагер өлімінің шындығын анықтап, қазақ әдебиетінде дұрыс оқытылуы қажет.
2. Құлагер тек Ақанның жылқыны жоқтауы ғана емес, өзінің ішкі мұң-зарынан шыққан туынды екенін түсіндіру керек деп ойлаймын.
3. Құлагер сияқты қазақтың сұңқар тұлпарлары туралы шығармалар бастауыш сынып оқулықтарында көбірек берілсе деймін.
4. «Әдебиет- өмір айнасы» болғандықтан, негізінен шындыққа жанасқан оқиғалар айтылса екен деп ойлаймын.
Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!

Амиртаев Нұртай
Астана қаласы №38 мектеп-лицейінің
4 «Ә» сынып оқушысы.
Республикалық, қалалық ғылыми
жобалар сайысында жүлделі орындар
алған өзінің зерттеу жұмысын сіздерге
ұсынып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста