Миллионер студент

15 желтоқсан 2022, 16:44

Сулеймен Демирел атындағы университеттің 4 курс студенті курьер қызметін атқаратын робот ойлап тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сулеймен Демирел атындағы университеттің 4 курс студенті Бексұлтан Айтен курьерлердің қызметін алмастыратын дрон ойлап тауып, жас миллионер атанып жүр.

 

Бұл дрондар тапсырыс берушіге бургер, пицца, донер сияқты фаст-фудты тез арада жеткізе алады.

 

Қазір оның дрондарына кәсіпкерлердің қызығушылық танытып отыр.

 

Инженерлік және Жаратылыстану факультетінің студенті Бексұлтан Әйтенде алты түрлі дронның прототипі бар, сол дрондарды сатумен де айналысады.

 

Ол роботтарды СДУ Технопаркінде құрастырып, сол жерде сандық технология саласындағы жобаларын да жарыққа шығарды.

 

Енді алдағы уақытта әскери мақсатта қолдануға болатын робот дрондарды жасағысы келеді.

 

Сондай-ақ Бексұлтан робототехниканы үйренуге арналған білім беру жинақтарын шығаруды жоспарлап отыр.

 

Оның айтуынша, соның арқасында балалар өз бетінше керемет технологияларды ойлап таба алады.