Ойыншықтар қалай пайда болды?

Ойыншықтар қалай пайда болды?

Жетекшісі: Байбосынова Әсел Валиқызы, бастауыш сынып мұғалімі
Жоба авторлары: Дәуітқұл Аида, Кудиярова Раида, № 66 мектеп-лицейінің 2 «Ж» сынып оқушылары

Астана қаласы Білім басқармасы
«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы

Мазмұны

1. Кіріспе---------------------------------------------------------------- 1-2 бет

2. Негізгі бөлім---------------------------------------------------------3-15 бет


2.1 Ойыншықтардың шығу тарихы

2.2 Ойыншықтардың сапасы

2.3 Қазақ халқының ойыншықтары

2.4 Ойыншық неге үйретеді?

 

3. Қорытынды------------------------------------------------------ 16 бет

4. Пайдаланған әдебиеттер--------------------------------------17 бет

А н н о т а ц и я

Зерттеудің мақсаты: Ойыншықтардың шығу тарихымен таныса отырып, балаларға ыңғайлы, пайдалы болатын ойыншықтар құрастыру.
Аталған мақсатымызғаа жету үшін алдыма төмендегідей міндеттер қойдым.
-Ең алғашқы ойыншықтар қалай пайда болды?
-Біз ойнайтын ойыншықтарының сапасы қандай?
-Қазақ халқының ұлттық ойыншықтары бар ма?

Осы міндеттерімізге жету мақсатында біріншіден ежелгі тарихымызға үңілдік.
Екіншіден қазақ халқының және басқа ұлттардың ойыншықтарының ерекшелігіне тоқталдым.
Үшіншіден:
-Не себепті ойыншықтардың сапасы өте төмен ? –деген сұраққа жауап іздедім.
Зерттеу барысы: Ойыншықтар туралы ақпарат көздерін, кітапханаларды пайдалана отырып мәліметтер жинақтап, көрнекілік материалдарды іздестірдім Осы тапқан материалдарды жинақтап, зерттеу барысында туған сұрақтарға жауап іздеп, қорытынды жасадым.
Зерттеудің болжамы: Ата-ананың ойыншық сатып алуда сауатылығын арттыру.
Жұмыстың кезеңдері:
Тақырыпқа қатысты материалдар жинақталып, жүйеленді.
Жинақталған мағлұматтар іріктелді, жұмыстың бағыт – бағдары айқындалып, жоспар құрылды.
Жұмыс жасалып, зерттеу бөлімі тиянақталды, қол жеткізген нәтижелер анықталды.
Зерттеудің әдістері: Жұмыста зерттеу, талдау, салыстыру және жинақтау, түрлі қызықты ақпараттар қолданылды.
Эксперимент әдістемесі:
Зерттеу барысынданысана туралы ақпарат алу үшін бақылау жасалып,тікелей сол тақырыпқа қатысты адамдармен сұхбат жүргізілді.

Зерттеудің нәтижесі:
Жұмыс барысында балалардың табиғы заттардан сапалы ойыншықтар жасап шығару,нұсқаулық кітапша жасау

Қорытынды:
Ойыншық бала үшін ермек қана емес,сонымен қатар ол оның дамуына да.

 

Ең алғаш мұғалім бізге тапсырма берген кезде мен зерттеу нысанасына өзіміздің сүйіп ойнайтын ойыншығымызды зерттеу нысанасына алдым.
Зерттеуге дейін менде мынадай сұрақтар туындады.
* Біз ойнайтын ойыншықтарды кімдер жасайды?
*Ойыншықтар қалай жасалынады?
*Неге үлкендер ойыншықтармен ойнамайды?
*Алғашқы ойыншықтар қалай пайда болды?
*Қазақ халқының ойыншықтары неге сувинир ретінде қолданады?
*Алғашқы ойыншықтар қалай пайда болды?
* Сапалы ойыншықтар неге қымбат?
*Біздің елге қандай мемлекеттің ойыншықтары көп әкелінеді?
*Үрей тудыратын ойыншықтар неге жасайды?

Ойыншықтардың шығу тарихы

Баланың ең алғашқы ойыншығы-сылдырмақ. Ежелгі Грецияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Осындай сылдырмақпен анасы және күтушісі бесік жырын айтқан. Сонымен бірге ежелгі наным сенімдер бойынша сылдырмақты сылдырлату арқылы жын-шайтандарды үркітеді деп сенген. Бізге белгіле ең ежелгі ойыншық біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда пайда болған.
Өкінке орай, көптеген ежелгі ойыншықтар біздің заманымызға дейін жетпеді.Ежелгі ойыншықтарды ағаштан,саздан,сүйектен және металдардан жасаған. Ежелгі славян халқында көтпеген жылдар бойы табиғат анаға құрбандық шалу рәсімі болған. Құрбандыққа тек әйелдерді шалған. Осындай азаптан әйелдерді құтқару үшін бір шебер адам құрбандыққа тірі әйелдің орнына қуыршақ шалуды ұсынады. Сөйтіп ең алғашы славян халқының қуыршағы осылай пайда болған.
Ойыншықтар қашан пайда болды? Болжамдар бойынша ойыншықтар алғашы адамдар дәуірінде пайда болды деуге де болады. Архелогтар қазба жұмыстары кезінде көне молалардан адамдармен бірге әр түрлі ойыншықтардың да жерленгені анықталды. Ежелгі грек балаларының сүйікті ойыншықтары ат бейнесі ағаштан,саз балшықтан жасалынған.
Ең алғашқы адамға ұқсайтын фигуралар адамдардың құдайларға сенуімен басталды. Киелі заттар баланың қолына түскесін,әрине олар ойыншықтарға айналды. Ең алғашқы қуыршақтар әр түрлі заттардан жасалды. Біздің заманымызға дейінгі 4-5 ғасырларда ежелгі гректер саз балшықтарды
күйдіріп жасалған. Сол заманда Сордис қаласы Персиға баратын скуда жолында орналасып, ойыншықтар орталығы атымен танымал болған қала. Ежелгі грек қыздары тұрмысқа шыққанша қуыршақтарымен ойнап, тұрмысқа шығу салтанатында Гера, Артемида және Афродита құдайларына қуыршақтарын сыйға тарттқан.


Ойыншықтардың сапасы

Қазіргі заманда балардың ойнайтын ойыншықтары сын көтермейді. Көптеген фирмалар ақша табу мақсатында ойыншықтардың сапасына мән бермейді.Техниканың дамыған заманында ойыншықтардың сапасы мен бет-бейнесі өзгерді. Педагог және психологтардың зерттеу нәтижелері бойынша қазіргі ойыншықтар тек баланың денсаулығына зиян келтіріп қоймай,оның жүйкесіне де әсер етеді. Мысалы: Дүкен сөрелеріндегі толып тұрған неше түрлі құбыжық ойыншықтарды көресің. Бала түгел үлкен адам да ойыншықтарды қолға алуға қорқады. Осындай ойыншықтар дамып келе жатқан баланың санасын уламай ма,ойлау қабілетін тежемей ме?
Соңғы кездері әдемі қуыршақтардың бет-бейнесі де өзгерді. Оларды қазіргі замандағы мултфильм кейіпкерлері алмастырды. Бұрынғы Чебурашка, Буратина,Карлсон ойыншықтарының орнына Бетмон,Өрмекші адам,Шректер келді.Бұл ойыншықтар балалардың сүйіп көретін мультсериалдардың кейіпкерлері. Сонымен бірге қорқынышты гномдар, трольдар, мутанттар, пакемондар баланың санасын уламай ма?
Біздің елімізде ойыншық сатуда Қытай елінің ойыншықтары жаулап алды десек де болады, Өйткені олар арзан болғандықтан, барлық адамдар осындай ойыншықтар алады.Ал екіншіден ата-аналар балаларына алатын ойыншықтың сапасына көп көңіл аудармайды. Сапалы ойыншықтар әрине, қымбат тұрады. Қазақстанға ойыншықтар 30 жуық елдерден әкелінеді. Соның ішіндегі бірінші орында Қытай ойыншықтары. Өткен жылдың қортындысы бойынша біздің елімізге шет елдерден келген 180 мың ойыншықтардың гигеналық талаптарға сай жасалмағаны анықталды. Соның ішінде 93 мыңның 242 ойыншықтың түрі сауда айналымынан алынып тастады.
Бояуы тым қанық, алыстан «мен мұндалап» тұрған ойыншықтардан сақтанған жөн. Себебі бояудың құрамында фенол, формальдегид, қорғасын эелменттері бар. Бұл заттар адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне кері әсер етеді. Бала кез келген нәрсені алдымен аузына салады, сондықтан ойыншық сатып аларда аса ұқыптылықпен қарағаныңыз абзал.
Біз ойыншықтардың сапасын анықтау үшін өзіміз зерттеу жүргізіп көрдік.

 

«Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама» орталығына қуыршағымызды зерттеуге бердік.
Зеттеу нәтижесі мынадай:


Қазақ халқының ойыншықтары

Ойыншықтар ерте заманнан келе жатқан құрал. Ойыншықтар әр түрлі болады.Ойыншық баланың ой-өрісін дамытып ,қызығушылығын арттырады. Қазақ халқының ойыншықтары қазіргі уақытта ұлттық нақыштарымен байланысты. Мысалы: айта кететін болсақ ер бала мен қызбаланың ойыншықтары. Қыз бала қуыршақпен ойнаса, ұл балалар атпен ойнайды. Бұл ойыншықтардың мысалы қуыршақтар қазақ халқының балаларына ұлттық киімдерді көрсетеді Балалардың ұлттық киімдерді тануға көп ықпал жасайды. Ал енді ұлттық баспана ойыншығы -киіз үй. Ол біздің ата бабамыздың қасиетті ұлттық баспанысын насихат етеді. Ұлттық баспаның ішіндегі ұлттық бұйымдар Мысалы: сандық ойыншығы әжелеріміз ерте заманда құнды заттарын сақтаған Дөңгелек үстел- үстел үстіндегі ұлттық тағамдар,ұлттық ыдыс аяқтар туралы мәлімет алады. Осының барлығы қазақ халқының негізінен алғанда ұлттық ойыншықтардың тәрбиелік мәні зор. Ойыншықтың бала өмірінде алар маңызы ерекше. Баланың ойыншыққа деген қажеттілігі кішкентай күнінен қалыптасады.Әр түрлі ойыншықтапрды қолдану арқылы баланың таным қабілеттері артып ,ойлау қабілеттері дамиды. Ойыншықтың материалы неғұрлым қарапайым, солқылдақ болғаны жөн. Мұндай үлгідегі ойыншықтар баланы ешқашан жалықтырмайды. Мысалы, доп кубик, қуыршақ тәрізді ойыншықтар үнемі бүлдіршіннің қолынан түспейді. Егер ойыншықтың материалы ажарлы болса, ол соғұрлым бала мінезінің жақсы қалыптасуына, жаттығуына дағдыландырады. Және тағы да ескеретін жайт, кейде балалар жаңа сатып әперген ойыншықты сындырып, ішкі құрылысымен танысқанды жақсы көреді. Мұндай сәтте ашуланбаған жөн. Ойыншық балаға ұнаса, оны бірден бөлікке бөліп, ішкі құрылысына үңіледі., осылай бүлдіршін өз ойымен түзетуді, қайта құрастыруды үйренеді. Сәбидің жас ерекшеліктеріне қарай ойыншықтар да түрге бөлінеді. Сондықтан ойыншық сатып аларда бала талғамына, жасына қараған жөн.

«БАЛ БАЛА» бұл қандай ойыншық?


«БАЛ-БАЛА» қандай ойыншық екенін білу үшін біз осы жобаның авторы Қыдыралі Болмановпен кездесіп сұхбат алдық.

Ойыншықтар неге үйретеді?
Ойыншық бала үшін ермек қана емес,сонымен қатар ол оның дамуына да тиімді құрал,қимыл-қозғалысты,сезім ағзаларын,тіл түсінуді жетілдірудің де бастамасы. Жаңа тауған сәбиді үйге әкелісімен,оның керуеті үстіне ашық боялған,көзге түсетін,дыбыс шығаратын 3-4 ойыншықты ілім қоюға болады. Олар сәбидің кеуде тұсында одан 60-70 см жоғары ілулі тұрса болады. Сәби бұл жасында дәл осы қашықтықтан көре алады.
Егер нәресте ілулі шарға,сылдырауыққа көзі түскенін байқасаңыз,жанынан жүріп өткенде біреуін қозғап кетіңіз,сонда оның сазды дауысы,тербелуі және ойыншықтардың орын алмастыруы оны қызықтырып,бұларға ұзақ әрі қадала қаруға үйренеді. Бұл оның өзімен-өзі болуына үйрететін алғашқы нышан,өте қажет қасиет. Сөйтіп бұл білгенін одан әрі бекітуге тырысу қажет. Сәби керуетінің жанына барып біресе он жағынан, біресе сол жағынан сылдырмақты шылдырлатсаңыз, ол бұрылып дауыс шыққан жаққа қарап қанағаттанып қана қоймайды, сонымен бірге ол мойын етін де жаттықтырады.
Өмірді тану тәсілі. Заттардықолмен ұстау арқылы баспен ойлауға да жұмыс табылады. Сәби заттарды қолымен ұстап әбдекн зерттейді. Ол алған затын ұстап қарайды, сілкілейді, лақтырады, аузына салады, жалайды,тістеуге тырысады. Осындай күрделі әрекет кезінде көз, құлақ, қозғалыс, иіс сезімі іске қосылады.
Кеңістікті меңгеру. Сәби енді кеңістікті меңгеру қуанышы титықтайды, ол тоқтаусыз еңбектейді Еңбектеу оның қол –аяғы,арқасы, бұлшық еттерін шынықтырып нығайтады,бел етін қалыптастырады, мұның бәрі мүсінің бұзылуына жол бермейді. Ең маңыздысы, осылайша кеңістікте бағдарлау қабілетін, өздігінше іс-әрекет қимыл жасауға түрті болып қалыптастырады. Сәби өз бетімен еңбектеп барып, қалауынша әр жерде тұрған ойыншықтарды ала алады. 7-8 айлығында оған сылдырмақ,резеңке ойыншықтар, құламайтын пластмасса бұйымдары, әр түрлі доптарды,шығыршықтардықою қажет. Сәби бір ойыншықтан екінші ойыншыққа жетуге ұмтылады, көп жылжиды.
Жағымсыз әдеттер. Көріп отырғандарыңыздай, ойыншықтар бала ой-өрісінің дамуында маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге ойыншықтар балада жағымсыз әдетттердің қалыптасуына жол бермеуге де септігін тигізеді.
Қазақ балаларының болашағын ойлап жүрген ағаларымыздығ бірі Сәкен Болыстың «Ұлттық жеті ойыншық» авторылық жобасымен таныстық.
«Өзіңнің ата-бабаларың тұтынған дүниені қазіргі заманға лайықты етіп, ыңғайлы етіп,біз тұтына алсақ, оны елге ұсына алсақ, бұдан артық дүние болуы мүмкін емес. Сондықтан ата-баба дәстүрін, ата-баба мұрасын жалғастырып жатырмыз».
«Үлкен әжеміз өте ісмер адам. Киіз үй жабдықтарын жасауда қолы шебер, өз аймағына танымал болған».
«Әкем ағаш шебері болды».
«Бұл енді өзі «Қазаққа ұл туса, ағашқа күн туады»-деген де ата бабаларымыз да сөз бар ғой».
«Мені осы ұлттық өнерге тартып тұрды».
«Ағаш деген дүние өзі экологиялық таза, өзі құрастырылмалы дүние деген өзі ата-бабамызда бар дүние».
«Қазіргі енді менің жасап жатқан дүниемнің бірі осы. Бесікті қазіргі заманға ыңғайлап, басқан кезде бесік жырын айтатын, тіпті өздігінен тербелетіндей дәрежеге жетсек».
«Бала дүниеге келгенде нағашыларының әкеліп, соның бір дүниеге келгеніне қуанышын бөлісе тұғын өзінің бір бұйымы ғой. Баланың мекені».
«Көшпелі қазақта бесіктің ыңғайлылығы, тазалығы, көшіп –қонғанда жатқан бала. Екінші, анасының да оны тамақтандыруға да, уатуына да жылаған кезде тербетіп отырып, өте ығайлы дүние».
«Бесіктің өзінің жасалған ағашының өзін қатты аршадан, сондай қасиетті ағаштардан жасаса, баланың бойына да сондай бір күш бітеді. Тасты тесіп өтетін аршадай, мысалы, аршадан жасалған бесіктерге енді ырымдап қазақ сондай бір қатты ағаштан, киелі , қатты ағаштан жасаған бесікті».
«Осыларды кішкене балаларға ойыншық ретінде, солар тұтынатындай етіп жасасақ деген арманым болған».
«Көшіп –қонған, бүкіл үйін де, жиһазын да құрап-құрап, ыңғайлы етіп жасай білген ата-бабамыздың дүниесін қазіргі балаларға неге ұсынбасқа деген оймен осы «жеті ойыншық» деген жоба жасадым.
«Бірінші бөбек домбыра, бұл кішкентай балалар құрастырып, жинап алатын домбыра». «Екіншісі, әсем үй. Едендегі оюлары да құралады, үй де құралады. Үшіншісі, керемет үй. Кәдімгі киіз үй. Оны да балалар құрап, өздері ішіне кіріп ойнайтындай дәрежеге дейін үлкейтсек дейміз. Төртіншісі, мағыналы оюлар. Оюлардың түр-түсі құрастырылатын. Бесіншісі, әуенді бесік. Кәдімгі кішкене бесік, бала қуыршағын салып ойнайтын. Кішкене шүрікпесін басқанда ол бесік жырын айтатындай болса, ол да құрастырылмалы. Алтыншысы, ұлттық саз аспаптары. Балаларға ыңғайланған аспаптардың көптеген түрлері. Ұрмалы, соқпалы, шертпелі аспаптар. Жетіншісі, Астана-Бәйтерегіміз өзіміздің». «Керегеміз-ағаш, ұранымыз-алаш дейтін қазақтың ұрпағымыз ғой. Сондықтан бұл ағаш бұйымдары біздің жанымызға да жақын. Бұл қолданыстағы дүниелер. Ағаш табақтар болсын, тостағандарыңыз болсын, болмаса, ұлт аспаптары болсын, барлығы осы ағаштан жасалады да. Соны көркем етіп жасауда әрине, менің өмірімде де алатын орны ерекше бұның».


Сәкен Болысов, «Атакәсіп-Астана» ЖШС бас директоры:

Қазақ баласы ойыншыққа зәру
- Кез келді шығаратын Алаш атын, Алдың жарық, кез емес адасатын, дегенмен де, ұлт болашағы үшін алаңдайтын да, жасауымыз қажет шаруалар да жетерлік. Бізді алаңдататыны - көптеген жасөспірім балаларымыздың бітім-болмысында қазақы мінездің азаюы, сырт бейнесінде, түр-әлпетінде, жүріс-тұрысында, сөйлеу дағдысында, күннен-күнге ұлттық сипаттың азайып бара жатқандығы. «Сол қазақ баласы неге зәру? Жеткіншектерімізге не жасап бере алмай жатырмыз, не жасап бере аламыз?» деген сұрақтар.
Бір қараған адамға бұл заманда адам жанынан басқаның бәрі бар. Қарын тоқ, көйлек көк. Уайымдайтын несі бар?! Балалар да бақытты, әлем балалары көргенді көріп, өзге жұрттың балаларындай өсіп жатыр дерміз. Алайда біздің балапандардың өзгелерден өзгешелігі, өзін тануы кемшін соғып, өз халқының асыл құндылықтарынан алыс қалуында. Бүгінгінің баласы теледидар, компьютер алдында көбірек отырады. Бірақ көк жәшіктен жанын баурайтын, ұлттық болмысқа негізделген не таба алады олар? Ештеңе де. Одан кейін бір сәт бойын жазып ойыншықтарымен ойнаса, ол да бөгденікі. Әйтеуір жоқ емес. Мол. Тек қазақтікі жоқ. Шеттен, көбіне көрші Қытайдан әкелініп жатқан ойыншықтармен алданады. Дана Абай айтқандай, «Ол немене? Бұл немене? Ол неге өйтеді? Бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық бермейтін жас баланың жас санасын жаулап жатқандар қазақтың емес, бөтеннің қызықтары. Осылардан соң ұл-қызымыздың ұлттық болмысы өзгеріп, тілінің бұзылып, туған тіліне тіксіне қарағанын кімнен көреміз?! Осы олқылықтың орнын аз да болса толтырып, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей, ұрпағымыздың асқақ рухты, көркем қылықты, білімді де білікті болып жетілуіне өз тарапымыздан мүмкіндігіміз жеткенше ат салысып, ұлт алдындағы перзенттік парызымызды орындасақ деген оймен «Атакәсіп - Астана» атты ұлттық бұйымдар шығаратын кәсіпорын құрып, еңбек етіп жатқанымызға бірнеше жылдың жүзі болды. Негізгі бағытымыз - мектептер мен балабақшаларға саз аспаптарының көптеген түрлері мен ұлттық бұйымдар дайындау.


Ойыншық шығаратын өндіріс керек

- Ойыншықтарымыздың алғашқы нұсқалары дайын, құжаттары паттенттеуге тапсырылған. Қазақтың ұлттық балалар ойыншықтарын және оның әдістемелік көмекші құралын дайындауда Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» заңы және «Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесі» басшылыққа алынды. Сондай-ақ ойыншықтар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік» құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Өндірісімізді кеңейтіп, ойыншықтарды көптеп өндіруге, кітапша-нұсқаулықтарын бірге шығаруға қолбайлау жайттар, қаржының тапшылығы шама келтірмеуде. Балалар ойыншықтарын өндіру ісі - әр елдің экономикасына да қомақты табыс әкелетін сала. Қаншама ойыншық шығаратын өндіріс орындары бар көрші Ресей елінің өзінде сырттан келетін ойыншық өнімдерінің үлес салмағы 88-90 пайыз, ал өздерінде өндірілетіні 10-12 пайызды ғана құрайды екен. Ал бірде-бір ойыншық өндіретін кәсіпорыны жоқ біздің елдегі ахуалдың қандай екені айтпаса да түсінікті. Статистикалық деректерге қарағанда, Ресейдегі әр балаға жылына 20 еуро, Англияда 240 еуро жұмсалатын көрінеді. Біздің балажан бауырларымыз да перзенті үшін көп тартынбайтыны белгілі. Сонда жылына қаншама қаржымыздың шетел асып жатқандығын есептей беріңіз. Егер тиісті орындар тарапынан жанашырлық пен қаржылық қолдау болып жатса, біраз шаруаларды өзіміз де тындыруға болады. Бір сөзбен айтқанда, серіктес іздеймін. Алғашқы ойыншықтарға Қытайға тапсырыс бердік. Алайда ел болашағы - ұрпағымызды бәсекеге қабілетті, зиялы ұлттың өкілі ретінде тәрбиелеуге қажетті дүниелердің де өз елімізде шығарылып, ел балаларын қуантып жатса, «бір бала қуанса, мың періште қуанады» демекші, еңбегіміз де жанып, алаң көңіліміз де жайланар еді...

 

Қорытынды
Ойыншық кез келген баланың серігі. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілетіартады, сол арқылы өмірге бейімделеді.
Ойыншық баланың жұбанышы,қуанышы.Құрастырмалы кубиктер бала сана- сезімінің,миының жетілуіне әсер етеді.
Ойыншық бала үшін ермек қана емес,сонымен қатар ол оның дамуына да тиімді құрал,қимыл-қозғалысты,сезім ағзаларын,тіл түсінуді жетілдірудің де бастамасы.
Баланың сенімді серігіне айналған ойыншықтың сапасынан бөлек, тәрбиелік мәніне терең мән беруді ата-ана бір сәт ойланса игі.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. ATAKASIP-ASTANA@MAIL.RU
2.Сұрақ және жауап энциклопедиясы
авт. Стив Паркер, Браин Уильямс
«Алматыкітап» 2006 ж.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста